Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Мектепке қалай дайындалу керек: оқушылар мен ата-аналарға арналған нұсқаулық

12.09.2024 • 11:51

Құрметті QLEVER-ші! Жаңа оқу жылының басталуы құтты болсын!

Мектепке дайынсың ба? Ал ата-анаң ше? Мектепке дұрыс дайындық тек оқулықтар мен мектеп формасын сатып алуды ғана емес, сонымен қатар көңіл-күйді, психологиялық дайындықты және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруды да қамтитынын есте сақтаған жөн. Бұл мақалада біз оқу процесін барлығы үшін барынша жайлы ету жолдарын айтып береміз. Мұнда сен материалдық және психологиялық дайындық, күнді тәртібін ұйымдастыру бойынша пайдалы кеңестер табасың және Qlever платформасының дамуға және оқуға қалай көмектесе алатынын білесің.

Материалдық дайындық

Ең айқын мәселеден, яғни, материалдық дайындықтан бастайық. Мектепке оқудың бірінші оқу күні өзіңді сенімді және жайлы сезінетіндей етіп дайындалу керек.

Мектеп формасын таңдау — бұл жай ғана шалбар немесе юбканы сатып алу ғана емес. Жайлы әрі пайдалы жағын ескеру маңызды. Форма ыңғайлы, табиғи маталардан жасалған болуы керек, сонда тері дем алады. Сонымен қатар форманы оқу жылы біткенше киетіндіктен, матаның түріне де назар аударған жөн.

Әрдайым таза және киюге дайын киім болу үшін бірден бірнеше форма сатып алған жөн. Сондай-ақ, дене шынықтыру сабақтарына арналған спорттық формаңды да ұмытпа.

Рюкзак, дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, өшіргіштер, сызғыштар, маркерлер... Тізімді шексіз жалғастыра беруге болады. Ең бастысы — абдырап қалмай, мәселеге ақылмен қарау. Ештеңе ұмытылмас үшін тізімді алдын ала жасап қой.

Оқулықтардың салмағынан арқаң шаршамас үшін ортопедиялық арқасы бар ыңғайлы рюкзак таңда.

Қалың парақтары бар сапалы дәптерлер, жағылмайтын және ақпайтын жақсы қаламдар —дәптердегі тазалықтың кепілі.

Қажеттінің бәрін сатып алудан бөлек, бюджеттен асырмау да маңызды. Барлық сатып алуларға шамамен қанша қаражат кететінін есептеп шығарып, осы бюджетті ата-анаңмен бірге жоспарла. Ең тиімді ұсыныстарды табу үшін әр түрлі дүкендердегі бағаларды салыстыр. Сондай-ақ, акциялар мен жеңілдіктерді де пайдалануға болады.

Психологиялық дайындық 

Материалдық дайындық - істің жартысы ғана. Одан да маңыздысы - оқуға бейімделу және жаңа оқу жылына психологиялық тұрғыдан дайындалу.

Жаз - демалыс пен көңіл көтеретін уақыт, бірақ ол біткен соң оқу ырғағына біртіндеп оралу керек. Күн тәртібіңді біртіндеп өзгертуге тырыс: мектеп кестесіне үйрену үшін ертерек жатып, ертерек тұр.

Миың жүктемеге үйренуі үшін кітап оқы немесе жеңіл тапсырмаларды орында.

Оқу ләззат әкелуі үшін оған деген көзқарастың жағымды болғаны маңызды. Жаңа оқу жылында сені қызық пәндер, жаңа достар, қызық іс-шаралар күтіп тұрғаны туралы ойлан. Өзіңді шабыттандыратын нәрсені табуға тырысып, соған назар аудар.

Оқу жылының басталуы стресс тудыруы мүмкін. Алаңдаушылықтан аулақ болу үшін барлығын алдын ала дайындауға тырыс: рюкзакты жинап, барлығының дайын екенін тексер. Сондай-ақ, демалыс пен көңіл көтеруді де ұмытпа.

Күн тәртібін ұйымдастыру

Дұрыс күн тәртібі - табысты оқудың кепілі. Оқу, демалыс және дене белсенділігі арасындағы тепе-теңдіктің болуы маңызды.

Оқушының таңы сергектік пен жақсы көңіл-күймен басталуы керек. Келесі күнге қажеттінің бәрін алдын ала дайындауға тырыс: рюкзакты жина, киімді таңда. Бүкіл күнге қуат алу үшін таңды жеңіл жаттығулармен және пайдалы таңғы аспен бастаған жөн.

Қандай сабақтар күтіп тұрғанын әрдайым біліп, уақытты пайдасыз істерге жұмсамау үшін бір аптаның кестесін жасап қой. 

Оқу маңызды, бірақ демалысты да ұмытпау керек. Спортпен айналысуға, таза ауада серуендеуге, достармен кездесуге уақыт тап. Бұл демалуға және жаңа жетістіктерге күш жинауға көмектеседі.

Дұрыс ұйқы — табысты оқудың негізі. Әрдайым бір уақытта жатып, бір уақытта тұруға тырыс. Ұйқының жетіспеуі зейінге және үлгерімге кері әсер етеді.

Толыққанды таңғы ас, түскі ас және кешкі ас та маңызды. Күні бойы аш қалмау үшін тіскебасарды да ұмытпа. Жемістер, жаңғақтар, йогурттар — жеңіл-желпі тамақтануға өте жақсы нұсқалар.

Ата-аналарға пайдалы кеңес

Енді оқуда көмектесетін ата-анаңа арналған бірнеше пайдалы кеңес бере кетейік.

Балаңызды қолдаңыз

Ата-ана баланың жағында болып, оны кез келген бастамасында және жетістігінде қолдауы керек. Тіпті сәтсіздік болса да, қателіктердің қалыпты жағдай екенін және олардан пайдалы сабақ алуға болатынын түсіндіру маңызды.

Мектепке дайындық - оқулықтар мен мектеп формасын сатып алу ғана емес. Оқуға бейімделу, психологиялық тұрғыдан дайындалу және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру маңызды. Өз балаларын қолдап, ынталандыру арқылы ата-аналар да бұл процесте маңызды рөл атқарады.

Мектеп өміріне араласыңыз

Мұғалімдермен және мектеп әкімшілігімен жақсы қарым-қатынас — жайлы оқудың кепілі. Ата-аналар жиналысқа қатыса алады, мектеп іс-шараларына қатысып, баланың жетістіктеріне қызығушылық танытуы мүмкін.

Оқуға ыңғайлы орын ұйымдастырыңыз

Табысты оқу үшін үйде үстел, орындық, жақсы жарық секілді ыңғайлы орын ұйымдастыру маңызды. Оқудан ештеңе алаңдатпағаны жөн. Сондай-ақ, үй тапсырмаларын орындау үшін арнайы уақыт бөлуге болады, сонда бала сабаққа қашан отыруы керек екенін біледі.

Qlever платформасының саған дамуға және оқуға көмектесе алатынын есіңде сақта. Мұнда сен мектепке дайындалуға және оқу жылын табысты өткізуге көмектесетін көптеген пайдалы материал, курс пен тапсырмалар бар. Qlever-ге қосыл және оқуды қызық әрі пайдалы ет!

Мектепке дайындық — маңызды және жауапты процесс, бірақ дұрыс көзқарас пен қолдау болса, бәрі оңай және жақсы өтеді. Жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.