«Тролль» және «троллинг» сөздерінің интернетте күнделікті әңгімелесуге еніп кеткеніне біраз болды.
«Тролль» дегеніміз - интернетте дөрекі немесе арандатушы хабарламалар жариялайтын, мысалы, пікірталас форумында талқыға кедергі келтіретін немесе оның қатысушыларына тіл тигізетін адам. «Троллинг» - бұл тролль немесе бірнеше тролль қызметі [1].
Сайып келгенде, троллинг мақсаты - әрқашан өзіне назар аударту. Тролль өзінің маңызды және танымал екенін сезінгісі келеді, өшпес әсер қалдыруды қалайды, бұл үшін кез келген әдісті қолданады [2].
Интернеттегі троллинг профилі белгілері [3]:
1. Фотосурет болмауы.
Тролльдер мен хейтерлер цифрлы және шын әлемде зардап шекпес үшін көбіне өзін жасырады. Сондықтан егер профильде фото болмаса, оны достар тізіміне қоспаған дұрыс.
2. Ортақ дос пен таныстың болмауы.
Ортақ контакт жоқ адамдардан түскен достыққа қосу сұрауынан да алшақ болған жөн. Өйткені, ең болмағанда, бір ортақ достың болуы - өтініштің нақты адамнан келіп тұрғанынының белгілі бір кепілі.
3. Жазылушылары көп, бірақ белсенділік жоқ
Оған қоса, бұл профильге көптеген адам жазыла тұра профильдің өз посттары жоқтың қасы екені немесе басқа парақшалардың репосты екені күдік тудыруы керек. Мұндай аккаунт жалған болуы және интернеттегі троллинг үшін пайдаланылуы мүмкін.
4. Тролль тікелей сұрақтардан қашып, оларды өзі қоя бастайды. Осылайша, ол коммуникацияны басқарады.
5. Тролльдің әрекетін агрессив тіл тигізу деп сипаттауға болады. Мұндай адам ылғи да жанжал бастауға немесе эмоционал шиеленіс туғызуға тырысады.
6. Тролль қоғамдастықтағы конструктив коммуникацияны бұзуға және бәрін мәні жоқ дау мен ұрысқа жеткізуге тырысады.
7. Жанжалға барынша көп қатысушыны тарту әрекеті. Коммуникацияға адамдар неғұрлым көп тартылса, тролльдің «жетістігі» соғұрлым артады.
Троллингіге қарсы әрекет
Троллингіге қарсы тұру қажет, өйткені тролль адамның психика жағдайына зиян келтіруі мүмкін, тіпті жеккөрушілік, қоқан-лоққы мен шабуылдарды цифрлы әлемнен шынайы әлемге ауыстыруы мүмкін. Тролль мен троллинг жанжал тудырып, тіл тигізу, кемсіту сияқты өшпенділік тілі қолданылатын қақтығысқа ұрындыруы мүмкін. Көптеген бала троллинг туралы ересектерге айтпайды, өйткені олар жәбірлеуші кек алады деп қорқады, бірақ бұл қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан тролльді танып қойсаңыз, оның қудалаумен айналысып жүрген аккаунтын бұғаттаңыз. Барлық дерлік әлеуметтік желіде белгілі бір профиль немесе тіл тигізген пост туралы әкімшіге хабарлау мүмкіндігі бар. Мұндай хабарламалар аноним болады және интернет-қоғамдастықтың барлық пайдаланушысы қауіпсіздігі мен жайлылығын жақсартуға көмектеседі.
Дереккөз:
- Денис Шлянцев (13.06.2020). Republic.ru. журналистер және редакторлар қоғамдастығы "Адамдар қалай және не үшін интернет қудалаушы болады? Одан қашып құтылуға бола ма?”. Мына жерден алынды:https://republic.ru/posts/96928
- Оnezero.medium.com. "Почему люди становятся интернет-троллями". Получено: https://onezero.medium.com/why-people-become-internet-trolls-4dbffaeaa74f
- Eset.ua. "Баланы троллингіден қалай қорғауға болады: ата-анаға кеңес". Мына жерден алынды: https://eset.ua/ru/blog/view/43/kak-zashchitit-rebenka-ot-trollinga-sovety-dlya-roditeley