Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Ақпараттық соғыс кезеңінде туыстармен және достармен ұрсысып қалмайтындай қалай әңгімелескен дұрыс?

03.05.2022 • 05:40

Ақпараттық соғыс жағдайында әріптестермен және туыстармен сөйлескенде ашуланшақ болу, қызуқанды болу және жанжал шығару жиі кездеседі. Әңгіме осы оқиғаларға ауғанда дауысыңызды зорайта сөйлейтініңізді немесе керісінше, айналаңыздан кенет алшақтайтыныңызды, жаңалықтар сайтын немесе әлеуметтік желілердегі ленталарды шолып жатқанда қобалжитыныңызды байқасаңыз, психологтар бір уақ тоқтап, қазіргі жағдайда не істей алатыныңызды өзіңізден сұрауға кеңес береді. Мынадай кеңестер бар:

  • Өзіңіз үшін сенімді ақпарат көздерін анықтаңыз. Әлеуметтік желідегі қарапайым қолданушылардың пікірі мен постына сенбеңіз, өйткені оны жазғандар өз сөзіне жауап бермейді (жаңалықтар ресурсы емес).
  • Әлеуметтік желіге және жаңалықтарды бақылауға өткізетін уақытты шектеңіз. Жағымсыз ойлар ұйқыға кедергі келтірмеуі үшін күннің бірінші жартысында осы мақсаттар үшін белгілі бір уақыт бөліңіз.
  • Мазасыздандыратын қажетсіз ақпараттан арылыңыз. Әлеуметтік желілерде лентаңызды сол сияқты жаңалықтармен толтыратын адамдардың постын уақытша жасырыңыз. Telegram-дағы аса жағымсыз арналардан бас тартыңыз.

Үздіксіз негативке килігіп кетпеу керек, оның орнына мотивация табу қажет. Көпшілік алдындаұрыспас бұрын, әлеуметтік желідегі достар мен таныстарды бұғаттамас бұрын және достар тізімін«тазалаудан» бұрын бұлай ету қаншалық орынды екенін ойлаңыз? Мүмкін сізді бұл адамдарменсаясаттан басқа нәрсе байланыстыратын шығар. Кез келген әлемдік қақтығыстар ерте ме, кеш пе, қандайда бір жолмен шешіледі.

Дереккөздер:

https://24.kg/obschestvo/226166_sredi_zlobyi_iagressii_kak_nesoyti_suma_nafone_informatsionnoy_voynyi/

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.