Өзіндік тәртіп туралы талай естіген боларсың, дегенмен оның не екенін және қажеттілігін толықтай түсіне бермейміз. Өзіндік тәртіп – жеке мақсаттарға жету жолында әрекет, ой, эмоцияны басқара алу. Назарды бөле беретін жылтыраққа толы мына әлемде өзіндік тәртіп айтарлықтай маңызға ие. Бұл мақалада өзіндік тәртіпті дамыту, оған бағына отырып табысты адам болу туралы айтамыз.
Өзіндің тәртіп дегеніміз не?
Өзіндік тәртіп – ұзақмерзімді мақсаттарға жету үшін адамның өз қалаулары мен әрекеттерін бақылау қабілеті. Бұл әрдайым жағымды болмаса да, адам өзіне қажет нәрсені жасауға мәжбүрлей алатынын білдіреді.
Өзіндік тәртіп өмірде түрлі жағдайда кездесіп жатады. Төменде бірнеше мысал берілген:
- Білім алу. Бәрін соңғы сәтке қалдырмай үй тапсырмаларын уақытылы орындап, қорытынды емтихандарға дайындықты үнемі пысықтау.
- Денсаулық. Көз жауын алатын тәттілер мен тез дайындалатын тағамдарға қарамастан дұрыс тамақтанып, спортпен айналысу.
- Сүйікті іс. Жай жата бермей музыкалық аспапта ойнау немесе спорттың арнайы бір түрімен шұғылдану.
ӨЗІНДІК ТӘРТІП НЕ ҮШІН МАҢЫЗДЫ
● Жеке және мектеп өміріне әсері
Өзіндік тәртіп адамға тиянақты әрі өнімді болуға көмектеседі. Мектепте бұл барлық тапсырманы дер кезінде орындап жақсы баға алумен өлшенеді. Жеке өмірдегі көрінісін спорт, ғылым немесе шығармашылықта белгілі бір мақсаттарға, жетістіктерге жетуге жәрдемдескенінен аңғарамыз.
● Мақсат және жетістікке жетумен байланысы
Өзіндік тәртіпке берік жандар жетістікке жиі жетеді. Бұл ұсақ-түйекке мән бермей нақты мақсат жолында жүйелі жұмыс істеуге тікелей байланысты. Осының арқасында бұндай жандар табысты әрі өз-өзіне өте сенімді болады.
Өзіндік тәртіпті қалай дамытамыз?
-
Өзіндік тәртіпті дамытудың алғашқы қадамы – жеке мақсаттар мен басымдықтарды айқындап алу. Жақын арада не нәрсеге қол жеткізгің келетінін ойлан. Мақсаттарыңды жазып басымдықтарды белгіле. Бұл қажетсіз дүниелерден аулақ болып, негізгі нәрсеге назар аударуда пайдасы тиеді.
-
Мақсаттарың нақты әрі өлшемді болуы керек. Мысалы «математикадан үздік болу» деген мақсаттың орнына «математикадан күніне бес есеп шығару». Бұл өз қарқыныңды бақылап, шабыттанып жүруге көмектеседі.
-
Мақсатқа жету үшін егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын құру керек. Көлемді міндеттерді кішігірім қадамдарға бөліп тастап орындалуына нақты уақыт қою. Бұл өзіңді әрдайым шамадан тыс жүктемемен жұмысбасты сезінбей мақсатқа бірте-бірте жақындауға көмектеседі.
-
Помодоро әдісі секілді уақытты басқару тәсілдері өнімділікті айтарлықтай арттырады. Помодоро әдісінің мәні қысқа үзілістермен кезектесе отырып қарқынды аралықтарда (әдетте 25 минут) жұмыс істеу. Бұл жоғары деңгейлі концентрацияны сақтауға және қажудың алдын алуға көмектеседі.
-
Күнделікті дұрыс әдеттер мен әрекеттер өзіндік тәртіпте маңызды рөл атқарады. Тұрақты жаттығу, дұрыс тамақтану және күнді жоспарлау сияқты дұрыс әдеттерді өміріңе біртіндеп енгіз. Бұл адамға тиянақты әрі тәртіпті болуға көмектеседі.
-
Дұрыс ұйқы режимін ұстан. Зейін, есте сақтау және шешім қабылдау қабілеті сияқты когнитивті функциялардың дұрыс жұмыс істеуі үшін жеткілікті ұйқы маңызды. Ол сондай-ақ эмоционалды жағдайды реттеуге, стресс деңгейін төмендетуге және физикалық денсаулықты сақтауға көмектеседі. Тұрақты және сапалы ұйқы жалпы өнімділікке және өзін-өзі бақылау қабілетіне ықпалы зор.
-
Жетістік күнделігі немесе жалпы күнделік жүргізу прогресті бақылап әрекеттерді талдауға мүмкіндік береді. Ненің жұмыс істеп, қай нәрсенің кәдеге жарамайтынын түсіну үшін жетістік, қателік және шешімдерді жазып отыру керек. Бұл барыңды салуға және әрдайым ынталы жүруге әсер етеді.
-
Өзіндік тәртіптің дамуында мотивация маңызды рөлге ие. Өзіңді шынымен шабыттандыратын нәрсені тауып, оны мотивация көзі ретінде пайдалан. Келеңсіз ойларды позитивті және табысты болуға бағытталған ойлармен алмастырып, ішкі түйсігіңмен жұмыс істе.
-
Назарды бөлетін жағдайлармен жұмыс істеу де өзіндік тәртіптің негізгі аспектісі саналады. Еш алаңдатпайтын жұмыс ортасын құр. Әлеуметтік желі және басқа да ойын-сауық ресурстарын пайдалануға шектеу қой. Бұл маңызды міндеттерге назар аударуға және өнімділікті арттыруға көмектеседі.
Өзіндік тәртіпті дамытуға көмектесетін құралдар
Бүгінгі заманауи әлемде технологиялар өзіндік тәртіпті дамыту процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Төменде тиянақты және өнімді болуға көмектесетін қолданбалар мен құралдар берілген:
-
Todoist. Бұл қосымша тапсырмаларды басқару, жұмыс тізімін жасау, мерзім белгілеп, еске салуға және прогресті бақылауға мүмкіндік береді. Күнді жоспарлап, маңызды міндеттерді ұмытпауға көмектеседі.
-
Trello. Тапсырмаларды карталар түрінде ұйымдастыруға болатын жобаларды басқару тақтасы. Онда әртүрлі жобалар үшін тақталар жасауға, тапсырмалар тізімін қосуға және орындалған тапсырмаларды белгілеуге мүмкіндік бар. Trello әсіресе топтық жұмыс үшін пайдалы.
-
Forest. Телефонда өткізетін уақытты азайтуға және зейін қоюға көмектесетін қосымша. Жұмыс істей бастағанда «ағаш отырғызасыз» ал таймер аяқталғанға дейін қолданбадан шықсаңыз, ағаш қурап қалады. Бұл зейін қоюға жігерлендіреді.
-
Pomodone. Өнімділікті арттыру үшін Помодоро әдісін қолданатын қосымша. Қысқа, алайда қарқынды интервалдарда үзіліс бере отырып жұмыс жасағанда концентрация жоғары деңгейде сақталады.
Өзіндік тәртіп қалыптастыру жолындағы қателер мен қиындықтар
Өзіндік тәртіп қалыптастыру оңай емес және адам бұл жолда көптеген қателікке ұрынуы мүмкін. Төменде олардың бірнешеуі берілген:
- Өте үлкен мақсаттар. Қисынға келмейтін мақсаттар қою үмітсіздікке жол ашып мотивацияның жоғалуына әкеп соғуы мүмкін.
- Жоспардың жоқтығы. Нақты жоспарлы әрекетсіз қалаған межеге жету қиын.
- Шамадан тыс жүктеме. Бәрін бірден, бір уақытта жасауға ұмтылған адамның тауы шағылып жатады.
Бұл қателерге жол бермеу үшін нақты әрі қолжетімді мақсаттар қойыңыз, оларды шағын қадамдарға бөліп, егжей-тегжейлі жоспар жасаңыз. Шамадан тыс жүктемеден ұзақ болуға және демалу үшін үнемі үзіліс жасауға тырысыңыз.
Қиындықтарды еңсеруге арналған кеңестер
Өзіндік тәртіпті дамытуда көптеген қиындықпен бетпе-бет келеміз. Оларды еңсеруде төмендегі кеңестер көмекке келеді:
- Жақындардың қолдауы. Сені түсініп, қолдауы үшін жақындарыңа мақсаттарың туралы айт, бөліс.
- Жоспарларды талдау және түзетіп отыру. Егер нәтиже ойдағыдай болмай жатса, әрекеттеріңді әрдайым талдап, жоспарға түзету енгіз.
- Жетістікке марапат. Әр жетістігіңе кішігірім марапаттар беру арқылы өзіңді жігерлендір.
Өзіндік тәртіп – дамытуға және жетілдіруге болатын дағды. Бұл процесс уақыт пен күш-жігерді қажет ететінін есте ұстаған жөн, ал нәтижесі оған тұрарлық. Ұсынылған кеңестерге сүйене отырып, мақсаттарыңызға жету үшін өзіндік тәртіп орнатып, оны дамыту арқылы өмірде барлық жағынан табысқа жетуге болады.
Өзіндік тәртіпті ғана емес өмірде барлық жағынан жетістікке ұмтылсаңыз, Qlever платформасы таптырмас көмекші. Qlever қазіргі цифрлық әлемде маңызы ерек медиасауатты дамыту үшін ресурстар мен құралдар ұсынады. Бұл медианы жақсы түсінуге, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға және цифрлы құралдарды тиімді пайдалануға көмектеседі.
Аталған кеңестерді қолдануды бүгіннен баста. Сонда өміріңнің жүйелі әрі өнімді бола түскенін бірден байқайсың.