Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Сын тұрғысынан ойлауды қалай дамытуға болады?

29.09.2021 • 09:41

Сын тұрғысынан ойлау - бұл біржола қалыптаспайтын нәрсе. Ол өмір бойы дамиды. Біз өмір сүріп жатқан ақпарат ортасы мен жағдайы қаншалық тез өзгеретінін ескере отырып, үнемі сыни ойлауды дамыту қажет.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін таным көкжиегіңізді кеңейтуге ұмтылыңызжәне әртүрлі зат пен құбылыс туралы көбірек біліңіз. Білім қаншалық көп болса, салыстыру мен талдау соншалық оңай болады. Мәселені сын тұрғысынан бағаламас бұрын, оны барлық жағынан қарастыру, жағдайды басқа оқиғалар тұрғысынан қарау, оның даму уақытын қадағалау керек.

Сұрақ қоюды үйреніңіз. Қызығушылық пен білімге деген құштарлық - сыни ойлаудың негізі, қызығушылықты қанағаттандыру үшін сұрақтарды дұрыс тұжырымдай білу қажет. Әртүрлі тақырып бойынша сұрақтар қоюға жаттығыңыз. Кез келген сұрақты зерттегенде барлық аспектіге қызығушылық танытыңыз, мәселені әр қырынан қарастырыңыз және егжей-тегжейін нақтылаңыз.

Мәтінді талдау. Ақпаратты оның сенімділігін анықтау үшін талдап, одан әрі қорытынды жасауға жеткілікті түрде түсініңіз. Бұл - сыни тұрғыдан ойлаудың маңызды аспектілерінің бірі.

Оқиғаларды дамытудың әртүрлі нұсқасын ойлап табыңыз. Кез келген өмірлік жағдайда әрекеттеріңіздің салдарын болжап үйреніңіз. Шешім қабылдаған кезде барлық ықтимал салдарды қағазға жазып алыңыз, олардың әрқайсына баға беріңіз, сәтсіздік немесе ықтимал теріс салдар қаупін қалай азайту керек екенін ойлаңыз.

Логиканы, зейін мен қиялды ойындармен, басқатырғыштармен және арнайы жаттығулармен жаттықтырыңыз.

• Шахмат

Шахмат ойнау логикалық ойлауды дамытады, себеп-салдар байланысын көруді және оқиғалар барысын болжауды үйретеді. Шахмат ойнау ғана емес, шахмат мәселелерін шешу де пайдалы.

• Ребус, басқатырғыштар мен логикалық ойындар

Жұмбақтар мен басқатырғыштарды шешу зейін мен логиканы дамытады, ойлау жылдамдығын жақсартады, ұсақ бөлшектерді байқауға, жанамадан негізгіні ажыратуға үйретеді. Ең қолжетімдісі - судоку, рубик кубигі және пятнашки.

• Логика мен қиялды дамытатын үстел ойындары

«Иә-Жоқ.» Жүргізуші сөзді немесе жағдайды жасырады, ал ойыншылар оған сұрақ қою арқылы табуы керек. Жүргізуші сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп қана жауап бере алады.

• Стандарт емес ойлауды дамыту әдістері

«Қолдану тәсілі». Тарақ немесе қаламсап сияқты кез келген затты алып, оны қолданудың 100 түрлі әдісін ойлап көріңіз.

«Кездейсоқ сөз». Мәселені тұжырымдап, оны кітаптан кездейсоқ таңдалған кез келген сөзбен байланыстырып көріңіз.

Дереккөз:

  1. Фоксфорд. 27.12.2019.  «Что такое критическое мышление» https://media.foxford.ru/critical-thinking/
  2. РБК 02.03.2021  «Как развить критическое мышление»

https://trends.rbc.ru/trends/education/5fce3d8b9a7947ff046c43c6

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.