Құрметті дос! Жақында QLEVER платформасының ашылғанына 4 жыл болады. Осы уақыт ішінде біз оқырмандарымызға медиасауат саласындағы білімдерін жетілдіруге көмектескен көптеген пайдалы және қызық мақала ұсындық. Біздің жарияланымдарымызды оқып, білім деңгейіңізді арттырғаныңызға сенімдіміз. Медиасауаттың бір бағыты - компьютерлік сауат. Бүгін біз экран скриншотын қалай жасауға болат ынын талқылаймыз.
Скриншот – құрылғы экранының дәл осы сәттегі бейнесі. Бұл маңызды ақпаратты сақтау, нұсқаулықтар жасау, жарқын сәттерді бөлісу және басқа да әрекеттер үшін пайдалы құрал. Бұл мақалада біз телефондарда (iOS және Android) және компьютерлерде (Windows және macOS) экран скриншотын қалай жасауға болатынын егжей-тегжейлі қарастырамыз.
iPad iOS-та (iPhone және iPad) скриншот қал ай жасалады
Мына батырмаларды пайдалану:
- Face ID бар құрылғыларында Power және Volume Up батырмаларын бір уақытта басыңыз.
- Touch ID бар құрылғыларында Power және Home батырмаларын бір уақытта басыңыз.
- Сақтау: скриншот түсірілгеннен кейін экранның сол жақ төменгі бұрышында скриншот көрінісі пайда болады. Өңдеу және сақтау үшін соны басыңыз. Баспасаңыз, скриншот автоматты түрде «Фотосурет» қосымшасындағы «Скриншоттар» альбомына сақталады.
AssistiveTouch қолдану:
- AssistiveTouch функциясын қосыңыз: Параметрлер -> Негізгі -> Әмбебап қол жетімділік -> AssistiveTouch.
- AssistiveTouch виртуалды түймесін басып, «Скриншот» опциясын таңдаңыз.
- Сақтау: скриншот автоматты түрде «Фото» қосымшасында сақталады.
Қосымша мүмкіндіктер:
- Скриншот жасағаннан кейін, оны өңдеу және аннотациялар қосу үшін экранның сол жақ төменгі бұрышындағы кішкентай көрінісін басыңыз.
Android-та скриншот қалай жасауға болады
Батырмаларды пайдалану:
- Power және Volume Down батырмаларын бір уақытта басыңыз.
- Сақтау: скриншот түсірілгеннен кейін экранның төменгі жағында хабарландыру пайда болады. Скриншотты ашу, өңдеу немесе бөлісу үшін хабарландыруды басыңыз. Баспасаңыз, ол галереядағы «Скриншоттар» қалтасына сақталады.
Қимылдарды пайдалану (телефон түріне байланысты):
● Кейбір құрылғылар экранды алақанмен сипау сияқты қимылдар арқылы скриншот жасауға мүмкіндік береді (параметрлерде қосылады).
● Сақтау: скриншот жасалғаннан кейін сурет автоматты түрде галереяға сақталады.
Кіріктірілген құралдар:
● Скриншот жасалғаннан кейін оны өңдеу және аннотациялар қосу үшін ашуға болады.
Windows компьютерінде скриншот қалай жасауға болады
-
Print Screen (PrtScn) пернесін пайдалану:
● Бүкіл экранның скриншотын жасау үшін PrtScn пернесін басыңыз (сурет алмасу буферіне сақталады).
● Сақтау: графикалық редакторды ашыңыз (мысалы, Paint), суретті қойыңыз (Ctrl + V) және сақтаңыз (Ctrl + S).
Перне комбинациясын пайдалану:
● Windows + PrtScn: бүкіл экранның скриншоты «Суреттер» кітапханасындағы «Скриншоттар» қалтасына автоматты түрде сақталады.
● Alt + PrtScn: белсенді терезенің скриншоты алмасу буферіне сақталады. Суретті графикалық редакторға қойып, сақтаңыз.
«Қайшы» және «Экран фрагментіндегі нобай» құралдары:
● Экранның кез келген бөлігін түсіру үшін «Қайшы» құралын пайдаланыңыз.
● Жетілдірілген түсіру және өңдеу үшін «Экран фрагментіндегі нобай» құралын пайдаланыңыз.
● Сақтау: түсіргеннен кейін «Басқаша сақтау» опциясын таңдап, суретті қажетті форматта сақтаңыз.
Сыртқы бағдарламаларын пайдалану:
● Lightshot: тез бөлісу мүмкіндігі бар скриншоттар жасау және өңдеуге арналған тегін бағдарлама.
● Greenshot: өңдеу мүмкіндігі және әртүрлі қосымшалармен интеграциясы бар экранды түсіруге арналған тегін құрал.
macOS-та скриншот қалай жасауға болады
Перне комбинациясын пайдалану:
● Command + Shift + 3: бүкіл экранның скриншоты автоматты түрде жұмыс үстеліне сақталады.
● Command + Shift + 4: таңдалған аймақтың скриншоты автоматты түрде жұмыс үстеліне сақталады.
«Экран суреті» құралы:
● Кіріктірілген құрал түсіру аймағын таңдауға және өңдеуге мүмкіндік береді.
● Сақтау: файлды сақтау орнын таңдаңыз.
Preview-де скриншоттарды өңдеу:
● Скриншотты өңдеу және өзгерістерді сақтау үшін оны Preview-де ашыңыз.
Қосымша кеңестер
Компьютерде белгіленген экран скриншотын қалай жасауға болады:
● Windows: Alt + PrtScn
● macOS: Command + Shift + 4
Скриншоттарды ұйымдастыру:
● Скриншоттарға арналған жеке қалталар жасаңыз.
● Автоматты сақтау және синхрондау үшін бұлттық қызметтерді (iCloud, Google Drive, Dropbox) пайдаланыңыз.
Бұл қадамдар сізге кез келген құрылғыда скриншоттарды оңай сақтауға және ұйымдастыруға көмектеседі.