«Интернет нәсілшілдік пен төзбеушілік таралуының маңызды құралына айналды. Әлеуметтік медиа арқылы өшпенділік тілі үлкен қарқынмен өсіп келеді және бұрынғыэкстремистік баспа құралдарына қарағанда әлдеқайда кең аудиторияны қамтуымүмкін» (ЕКРН, 2021)
«Фейсбук», «Гугл», «Ютуб» и «Туиттер» сияқты әлемдегі әлеуметтік желілердің азбөлігі миллиардтаған адамға ә дегеннен жетеді. Олар әлемдегі ең бай компанияларқатарына кіреді. Олардың бизнес-моделі қолданушылар қызығушылығына жәнеалгоритмдерге негізделген. Олар қолданушыларды белсенді түрде ұстап тұру үшінконтентті әдейі күшейтеді. Сонымен қатар, олар – шектеулі ақпаратты жиіқайталайтын және теріс түсінік пен алалауды шоғырландыратын эхо-камералар.
Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік желінің платформа иелері тарапынан тиімді құқықтық және басқа да жауаптардың болмауының соңы қайғылы аяқталуы мүмкін, оның ішінде өлім және жаппай қатыгездік пен адам құқықтарын бұзу бар.
Интернеттегі заңсыз жеккөрушілік таралуын болдырмау және оның алдын алу үшін2016 жылдың мамыр айында комиссия Facebook, Microsoft, Twitter және YouTube-пенбірге «Интернеттегі заңсыз жеккөрушілікке қарсы іс-қимыл кодексін» қабылдады.
2018 жылы бұл Әдеп кодексіне Instagram, Snapchat және Dailymotion қосылды. Jeuxvideo.com 2019 жылдың қаңтарында қосылды, ал TikTok кодекске қосылғанын 2020 жылдың қыркүйегінде жариялады. (ЕС, 2021)
Әдеп кодексі 2016 жылы қабылданғаннан бастап үздіксіз дамып келеді: кейінгі бағалауқазіргі уақытта компаниялар жалауша қойылған контенттің 90%-ін орта есеппен 24 сағат ішінде бағалайтынын көрсетті және заңсыз, өшпенділік таратады деп танылған контенттің 71%-і өшіріледі.