Достарыңыз немесе өзіңіз видеода Дэвид Бекхэм, Джим Керри, Бьенсе немесе басқа да танымал тұлғалар ролінде болған болсаңыз, онда жасанды интеллект арқылы жасалған дипфейктің не екенін білесіз.
Қарапайым тілмен айтқанда, нейрожелі пиксель арқылы дайын суреттерді жинап, ролик құрастырады. Мысалы, Дэвид Бекхэмнің мыңдаған фотосуретін зерттеп алып, спортшы адамдарды безгекпен күресуге шақыратын видео шығарады.
Интернетте функциясы дипфейк жасауға арналған бағдарлама көп. Олар арқылы көп нәрсе жасауға болады. Мысалы, видеодағы адамның келбетін мүлдем басқа адамға ауыстыруға немесе сөйлеп жатқан адамның ерін қозғалысын өзгертуге болады. Еріннің қозғалысын өзгерту және сөйлеушінің дауысы бойынша жаңа аудиотрек қою (айтпақшы, оны да дипфейк-бағдарламалар арқылы жасауға болады) арқылы адам түпнұсқадағыдан мүлдем басқа нәрсе айтып жатқандай контент жасауға мүмкіндік береді.
Мұндай контент жасауға арналған ең танымал бағдарлама - DeepFaceLab. Өнімді жасаушылардың айтуынша, ол арқылы дипфейк-видеолардың 95%-ке жуығы жасалады.
Басқа да бағдарламалар бар, мысалы: FakeApp; ZAO; Reface.
Әр бағдарламаның өз нюансы бар. Мысалы, біреуі әртүрлі деңгейдегі техникалық білімді немесе жазылым үшін төлем жасауды қажет етуі мүмкін. Бірақ олар функциясын жақсы атқарып жатыр.
Теориялық тұрғыдан өз нейрожеліңізді жасап, оны үйрете аласыз. Дегенмен бұл опция қымбат әрі күрделі.
Негізі, дипфейк технологиялары арқылы жасалған контент адам өміріне көп әсер етпейді. Олар жай ғана адамдардың көңілін көтереді. Дегенмен саяси мақсаттар үшін жасалған немесе белгілі бір адамға бағытталған дипфейк мақсатқа айқын әсер етуі мүмкін.
Дипфейктер жақсы да емес, жаман да емес. Бұл - жай ғана құрал. Ол арқылы күлкілі видео-мем жасауға немесе белгілі бір топқа маңызды ақпарат жеткізуге болады. Дегенмен біреуге зиян тигізуге де болады.
Сілтемелер: https://rb.ru/story/deepfake-lipsync/
https://www.ispring.ru/elearning-insights/dipfejk
https://rb.ru/opinion/deepfake-how/