Wi-Fi айналаңыздағы барлық адамға бөліскіңіз келетін нәрсе емес. Оған қоса, қастық ойлаушы адам сіздің IP-іңізді заңды бұзу үшін пайдалануы мүмкін.
Көптеген адам жеке Wi-Fi желісіне басқа қолданушылардың қосылуы немесе одан да жаманы қастық ойлаушылардың желіге қосылуы қаншалық қауіпті екенін білмейді. Үйде сымсыз желі бар дейік. Ол құпия сөзбен қорғалған немесе толығымен ашық болсын. Бірақ оны бұзу арқылы немесе жай қосылу арқылы (желі қорғалмаса) оған басқа қолданушылар қосылды. Бұл қолданушылардың жаман ниеті жоқ шығар. Оларды біздің жеке істеріміз қызықтырмайды және олардың бізге қандайда бір зиян келтіретін ниеті жоқ. Жай ғана басқа біреудің Wi-Fi желісіне қосылып, интернетті пайдаланады.
Біреудің қосылғанында тұрған ештеңе жоқ сияқты, бірақ бұл бөтен құрылғылар сіздің маршрутизаторыңызға жүк екенін түсінуіңіз керек. Ол баяу істей бастайды. Қосылу жылдамдығы төмендейді. Олар торренттерді жүктеп алса/таратса ше? Немесе онлайн ойындар ойнаса? Бұл желіге және роутерге үлкен жүк. Ол әдетте қатып қалуы, істен шығуы және т.б. болуы мүмкін. Бірақ бұл әлі де қиындықтың жартысы. Егер желі жергілікті болса, компьютердегі кейбір файлға кіру ашық болса, сенің роутеріңе қосылған барлық адам файлдарға қол жеткізе алады.
Әрине, кез келген Wi-Fi желісін бұзуға болады. 100%-тік қорғаныс жоқ. Бірақ, көп жағдайда, хакерлер әрекетінің алдын алу үшін бірнеше клик бар 5 шараны қолдану жеткілікті.
1. Wi-Fi желісіне сенімді пароль қой
Wi-Fi желісін парольмен қорғау керек. Онда да жақсы парольмен. "11111111", "12345678", "qwertyui" сияқты парольдерге жолама. Бас әріптері, цифрлары және арнайы белгілері (~ ! @ # $ % & * ) бар сенімді пароль ойлап табуға ерінбе. Бұл парольді жазып алуды да ұмытпа, әйтпесе кейін іздеу желісіне сұрау салып жүресің: өз Wi-Fi желісінің паролін қалай білуге болады?
2. Маршрутизатор параметрін парольмен қорға
Бұл парольдің Wi-Fi-ға еш қатысы жоқ. Ол тек роутер параметрін қорғау үшін қолданылады. Бұл сенен басқа адамның роутердің уеб-интерфейсіне кіре алып, ондағы қандайда бір параметрді ауыстырмасы үшін керек. Роутерде парольді admin-нен басқаға қалай ауыстыруға болады?
3. WPS функциясын өшір
WPS арқылы құрылғыларды құпия сөзді енгізбей-ақ сымсыз желіге жылдам қосуға болады. Бірақ тәжірибе WPS-ті қолданатын адамдардың аз екенін көрсетеді. WPS функциясының қауіпсіздігіне қатысты әртүрлі мәселе туралы жазылған көптеген материалды табуға болады. Сондықтан роутерді біреудің бұзуынан қорғау үшін бұл функцияны өшірген дұрыс.
4. Wi-Fi желісін басқалардан жасыр
Маршрутизатордағы Wi-Fi желісінің параметрлерінде «SSID-ді жасыру» (Hide SSID) немесе «SSID таратуын өшіру» сияқты функция бар. Оны іске қосқаннан кейін құрылғылар Wi-Fi желісін енді көрмейді. Оған қосылу үшін парольді ғана емес, желінің атауын (SSID) да жазу керек болады. Ал бұл қосымша қорғаныс.
5. Брандмауэр, Антивирус, Желіаралық экран, DoS қорғанысы
Осы функцияның барлығы немесе кейбіреуі қазіргі маршрутизаторларда бар. Әдетте, олар әдепкі қалып бойынша қосылады. Оларды текке өшірме және параметрлерді өзгертпе.
Осы негізгі параметрлердің барлығы роутеріңдегі және ол тарататын Wi-Fi желісінің қауіпсіздігіндегі негізгі «саңылауларды» жамауға көмектеседі. Іске сәт!
Дереккөз: help-wifi.com