Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Орталық Азияда әйелдер қандай мамандықтарды игере алмайды?

05.09.2022 • 16:55

Орталық Азияның барлық елінде әйелдерге тыйым салынған кәсіптер тізімі бар.

Қазақстанда бұл тізімде 229 мамандық бар. Әйелдер сүңгуір, метро жүргізушісі, жүк көлігі жүргізушісі, слесарь болуды армандамаса да болады.

Тәжікстанның Еңбек кодексінде әйелдерге ауыр және жерасты жұмыстарында, зиян еңбек жағдайларында жұмыс істеуге тыйым салатын «Әйелдер еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар» бабы, сондай-ақ әйелдер еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар тізімі бар. Онда 326 мамандық бар.

Қырғызстанда Еңбек кодексі бабы мен 400 мамандық тізімі бар. Мәселен, әйелдер 14 адамнан асатын қалааралық автобустарды жүргізе алмайды, жүк тиеуші (шикізат, жанар-жағармай және басқа да материалдарды тасу), арнайы көліктердің кейбір түрінде жүргізуші болып істей алмайды. Сондай-ақ, оларға ағаш шабуға және қолмен жерқазуға тыйым салынады.

Өзбекстанда 2019 жылы президент жарлығы арқылы әйелдерге тыйым салынған кәсіптер тізімі алынып тасталды. Бұған дейін онда әйелдерге зиян және қауіпті делінген 44 мамандық бар еді, олар: тау-кен өнеркәсібі, мұнай-газ өндіру, қара металлургия, құрылыс-монтаждау жұмыстары.

Әйелдерге тыйым салынған жұмыстар тізімі әр елде аздап өзгеруі мүмкін, бірақ оның құрамында көбінесе тау-кен-металлургия, мұнай өндіру кешендері мен құрылыс-монтаж саласындағы кәсіптер бар: металл және қорытпа қорытушы, дәнекерлеуші, слесарь, арматурашы, жер қазушы, асфальтшы-бетоншы, кессоншы, үй төбесін жабушы, кірпіш қалаушы, автогрейдер машинисі, бульдозер машинисі, биіктікте және жоғары өрмелеуші жұмыстарда темір және темірбетон конструкцияларын монтаждаушы, байланыс монтаждаушысы, биікте антенна операторы.

Сондай-ақ, әйелдерді жерасты құрылыстарын салуға, мұнай ұңғымаларын бұрғылауға, кен жаруға, шахтадағы өртте апаттық-құтқару жасақтары құрамында өрт сөндіруге, вагоншаларды төңкеруге, үңгуші, күйдіруші, глинозем өндірісіндегі ыстық пекті уатушы, байыту және уату-сұрыптау фабрикаларының, кеніштердің, шахталар мен металлургия кәсіпорындарының жұмысшысы және шебері етіп алмайды.

Көбінесе мұндай жұмыстардың жалақысы жоғары, бірақ әйелдер ондай жұмыс істей алмайды.

Тізімге тек техникалық мамандықтар енбеген. Әйелдер өнеркәсіптік альпинист ретінде де жұмысқа алынбайды, ал бұл жұмыс жақсы төленеді. Олар химия, тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде кәсіби қызмет атқара алмайды, коммерциялық су және әуе көлігін басқара алмайды.

Әйелдер құтқарушы және өрт сөндіруші болып істей алмайды, өйткені бұл - қауіпті жұмыстар. Дегенмен осы мамандықтағы міндеттері мен қаупі шама мен бірдей ерікті бола алады, бірақ тегін. АҚШ, Канада және ЭЫДҰ елдері сияқты дамыған мемлекеттерде әйелдер бұл жұмыс орындарына о бастан орналаса алатын.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті бойынша, әр адам «өз еркімен таңдаған немесе ерікті түрде келісетін жұмыстан нәпақа табуға» құқылы.

Тыйым салынған кәсіптер тізбесінің жойылуы әйелдер бұл кәсіптермен айналысуға мәжбүрленеді дегенді білдірмейді. Бірақ олардың қаласа, осындай жұмыста істеуге таңдауы мен мүмкіндігі болуы керек. Әйтпесе, бұл - гендерлік дискриминация.

БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитеті және басқа да халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдеріне тыйым салынған кәсіптер тізімін алып тастауды және әйелдердің осы жұмыс орындарына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді бірнеше рет ұсынған еді.

Дереккөз:

https://anhor.uz/society/23317-2/

 

Бұл материал Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен дайындалды. 
Материал мазмұны «Заманауи журналистиканы дамыту орталығы» қоғамдық қорының жуапкершілігінде және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.