Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Өшпенділік тілінің сипаты және оны қалай анықтаймыз

21.09.2020 • 13:36

Сипат тұрғысынан хейтспичтің қандай түрлері бар екенін талдап көрейік. Өшпенділік тілінің бірнеше жіктелімі бар. Соның бірін ресейлік зерттеуші, журналист және публицист А. М. Верховский ұсынады:

Қатаң «өшпенділік тілі» - зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке тікелей шақыру. Ол үшін кейде жалпы ұрандар қолданылады, кейде олар зорлық-зомбылық пен кемсітушілік астарланған үндеулер жасалады. Біз мұнда еш мысал келтірмейміз, өйткені дәйексөз жасау да қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

«Өшпенділік тілінің» орташа формасы БАҚ-та, комментарийлерде, әлеуметтік желілердегі жазбаларда және кейбір мемлекеттік органдардың ресми парақшаларында кездеседі. Мәселен, Ташкенттің ІІББ сайты жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер мен сыйақы үшін интимдік қызмет ұсынатын адамдардың суреттерін ашық жариялады. «Өшпенділік тілінің» орташа түрінің тағы бір мысалы – БАҚ-тағы «Қытай билігі жезөкшелерді қайта тәрбиелеуден бас тартуы мүмкін» тақырыбы. Орташа түрдің мазмұнында мыналар бар:

● тарихтағы зорлық-зомбылық пен кемсітушілік оқиғаларын ақтау;

● жалпы қабылданған тарихи зорлық-зомбылық пен кемсітушілік фактілеріне күмән келтіретін жарияланымдар мен мәлімдемелер;

● белгілі бір этникалық немесе діни топтың тарихи қылмыстары туралы пікірлер;

● белгілі бір этникалық немесе діни топтың қылмыстылығы туралы пайымдаулар;

● белгілі бір этникалық немесе діни топтың шамадан тыс артықшылығы туралы пайымдаулар;

● белгілі бір этникалық немесе діни топтың қоғамға, мемлекетке теріс ықпал етті деп айыптау;

● топты билікті басып алуға немесе аумағын кеңейтуге әрекеттенді деп айыптады;

● азаматтығын теріске шығару.

«Өшпенділік тілінің» жұмсақ формасы, әдетте, стереотиптерге негізделеді. Мысалы, мүгедектігі бар адамдар тақырыбы, әдетте, стереотиптерге негізделген және нәтижесінде әрдайым әлсіз, келешегі жоқ, пайдасыз, демек, қоғамға масыл болатын әлеуметтік аутсайдердің бейнесі жасалады. «Өшпенділік тілінің» жұмсақ формасының мазмұнында не бар:

● этникалық, діни немесе басқа адамдар тобының жағымсыз бейнесі;

● белгілі бір топтың олқылығы туралы пікірлер;

● адамның немесе адамдар тобының моральдық кемшіліктері туралы пікірлер;

● этникалық немесе діни топты немесе оның өкілдерін қорлау немесе сөгу контексінде еске салу;

● анық ксенофобты мәлімдемелер мен пікірі жоқ мәтіндерден дәйексөз жасау.

Осылайша, жоғарыда аталған әрекеттердің әрқайсысы өшпенділік тілі болып саналады және заңмен қудаланады.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.