Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Кибершабуылдар. 2-бөлім

24.03.2021 • 07:21

Мұның бәрі қалай басталды? 1988 жылы алғашқы компьютер вирусын (құрт) ойлап тапқан Корнелл университеті (АҚШ) студенті Моррис идея кибер кеңістігі масштабын анықтау екенін айтқан еді. Құрт тез таралатын вирусқа айналып, компьютерлер жұмысын тоқтатқанда бәрі өзгерді. Нәтижесінде 6000 компьютерге вирус жұғып, оларды жөндеу шоттары 10-100 миллион доллар аралығында болды. «Мелисса» деген пошта вирусы дәл осылай әрекет етіп, компьютерлерге вирус жұқтырып, спамдарды өздігінен жіберіп, жүйенің шамадан тыс жүктелуіне себеп болды. Зиян – 1,2 миллиард доллар. Айтпақшы, «Мелиссаны» жасаған Дэвид Л.Смит 20 айға қамауға алынып, оған айыппұл төлеуге үкім шығарылды.

Ұлыбританиядағы ең қуатты кибершабуылды 2017 жылы Ұлттық денсаулық сақтау (NHS) жүйесін бұзған хакерлер жасады. Вирусты 22 жастағы Девоннан шыққан зерттеуші NHS жүйесі бірнеше күн қатып қалғаннан кейін тоқтата алды. Сол бағдарламаны пайдаланып, хакерлер 150-ден астам елдегі FedEx-ті де бұзды. «WannaCry» вирусы электрон пошта арқылы қолданба ретінде таралды. Қолданушы қолданбаны ашқан бойда вирус компьютердегі барлық файлды блоктады. Ал хакерлер файлдарды ашып, оларға қол жеткізу үшін ақша талап еткен. Вирусты 300 мыңнан астам компьютер жұқтырды.

2015 жылы Израильдің үш азаматы америкалық JP Morgan банкінің 83 миллион клиенті дерегін ұрлады деп айыпталды. Деректер бірнеше жүз мың долларға сатылған. Жеке деректерден басқа, компания көрсеткіштері туралы маңызды ақпарат ұрланған, бұл оларға нарық биржасындағы бағалар арқылы манипуляция жасауға, солайша заңсыз келісімшарттар арқылы көп соманы үзуге мүмкіндік берді. 200-ден астам жалған құжат қолдана отырып, ірі көлемдегі төлем процестерін, биткоин айырбастауды, әлемдегі 75-ке жуық мұнай компаниясы мен есепшоты арқылы ақша жымқыруға қол жеткізді.

Тарихтағы деректерді ұрлаудың ең шулы жағдайлардың бірі 2013 жылы болған, бұл кезде Yahoo-дан 1 миллиардтан астам жеке шот дерегі ұрланды. Онда адамдардың аты-жөні, телефон нөмірі, электрон пошталарының паролі мен логины болды. Ол кезде Yahoo банк деректері ұрланған жоқ деп мәлімдеді. Компанияға 2016 жылы тағы да шабуыл жасалды.

Дереккөздер:

The Sun, 2017. «ATTACK OF THE HACK Five of the worst cases of cyber crime the world has ever seen – from data theft of one BILLION Yahoo users to crippling the NHS», мына сілтемені басыңызhttps://www.thesun.co.uk/tech/4120942/five-of-the-worst-cases-of-cyber-crime-the-world-has-ever-seen-from-data-theft-of-one-billion-yahoo-users-to-crippling-the-nhs/

Australian IT channel, Top 10 most notorious cyber attacks in history», мына сілтемені басыңызhttps://www.arnnet.com.au/slideshow/341113/top-10-most-notorious-cyber-attacks-history/

Ресурс Хабр, 2016. Маңызды инфрақұрылымға жасалған ең шулы кибершабуылдар мына сілтемеде https://habr.com/ru/company/panda/blog/316500/ 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.