Киберқауіпсіздік туралы айтқан кезде «маңызды инфрақұрылым» тіркесін жиі қолданамыз. Бұл – қоғамның өмір сүруі үшін маңызды қызметтер негізінде жатқан өзара байланысты жүйелер, желілер мен активтер. Бұған банк қызметі, электр қуатын өндіру және тарату, медицина қызметтері, мемлекеттік апатты-құтқару қызметтері, әуе және жер үсті көліктері кіреді. Мұндай желілерді бұзатын зиян бағдарлама және мақсатты шабуылдар маңызды инфрақұрылымға үлкен қауіп төндіреді.
Кибершабуылдар маңызды инфрақұрылым нысандары жұмысын ішінара немесе толық тоқтап қалуына немесе елеулі қаржы шығындарына апаруы мүмкін. 2003 ж. SQL Slammer компьютер вирусы Оңтүстік Кореяны интернетсіз қалдырып, Bank of America банк терминалдары жұмысын тоқтатып, 750 миллион доллар шығынға жеткізді. Инфекцияның таралу жылдамдығы 10 минут ішінде 75 000 компьютер болды.
Зақымдану тұрғысынан ең «қымбатқа» түскені 38 миллиард доллар шығын әкелген MyDoom және SoBig вирустары болды. Вирустар киберқылмыскерлерге вирус жұқтырған компьютерді басқара алуына мүмкіндік берді, әртүрлі бағдарламаны еріксіз ашып, файлдарды көшіріп, басқа қолданушыларға электрон пошта хаттарын жіберіп, бағдарламалық жасақтамаға, тіпті аппарат құралдарына елеулі зиян келтірді.