Facebook, Instagram, Twitter, WhatsApp, YouTube немесе кез келген басқа әлеуметтік желі қолданатын әрбір смартфон немесе планшет иесі кибербуллингіге ұшырауы мүмкін. Әрине, әлеуметтік желіні пайдаланудан аулақ болу кибербуллингіден қорғанудың ең тиімді әдісі болар еді, бірақ бұл – ақырғы шара. Айналаңыздағы адамдармен ашық диалог жүргізіп, олар интернеттегі қудалау құрбаны болған жағдайда сізден көмек сұрауға шақырған жөн.
Интернетте қудалау жасалса, сізге кез келген жерде, тіпті өз үйіңізде шабуыл жасағандай сезінуіңіз мүмкін. Бұдан құтқаратын еш нәрсе жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Бұл сезімдер ұзақ уақытқа созылып, адамға әртүрлі әсер етеді[1];
- Ойлауына: жабырқап, ұялып, өзіңді ақымақ сезінесің, тіпті ашуланасың
- Эмоционал тұрыда: ұялып, сүйікті нәрселерге қызығушылық жоғалады
- Физикалық тұрғыда: шаршайды (ұйқысыздық) немесе іштің және бастың ауруы
Кибербуллинг ақыр соңында тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Кибербуллинг бізге әртүрлі әсер етуі мүмкін. Бірақ оны жеңуге болады және адамдар өздеріне деген сенімділік пен денсаулығын қалпына келтіре алады.
Сізді кемсітіп жатыр деп есептесеңіз, алғашқы қадамдар мынадай [2]:
- Өздерінің жеккөрінішін тарату үшін қолданатын агрессор аккаунтын бұғаттаңыз.
- Шағымданыңыз. Болған оқиға жайлы әлеуметтік желі өкілдеріне хабарлаңыз.
- Болған жайды тағы кімге айтуға болатыны туралы ойланыңыз. Жәбірленушімен қарым-қатынасты өз бетіңше анықтап отыру, әдетте пайдасыз әрі жағдай одан да нашарлап кетуі мүмкін.
- Дәлелдерді сақтау – буллинг түріндегі электрон хаттар мен хабарламаларды өшірмеңіз. Егер кейін бұл туралы қауіпсіздік органдарына хабарлау қажет болса, дәлелдер қажет болады.
- Жеке параметрлерді өзгертіңіз. Профиль достарыңызға ғана көрініп тұрғанына сенімді болыңыз.
- Достар тізімін қайта қарап шығыңыз. Өзіңізге ұнамайтын адамдарды өшіріп тастаңыз. Бұл сізді басқа да кибербуллинг жағдайынан қорғайды. Сосын алдағы уақытта өзіңіз танымайтын және жеке сөйелесіп көрмеген адамдарды достыққа қоспаңыз.
Дереккөз:
- Интернеттегі қудалау: бұл не және онымен қалай күресуге болатыны туралы. 2020. Мына жерден алынды: Unicef.org.
- Кибербуллинг деген не және одан қалай қорғануға болады. Avast.ru. Мына жерден алынды: https://www.avast.ru/c-cyberbullying.