Кибербуллинг, кибермоббинг, хейтинг – бұл терминнің барлығы интернеттегі қудалауды білдіреді. Агрессор үшін желідегі қорқытудың маңызды артықшылықтарының бірі – жазасыз қалу. Көзбе-көз болса зардап шегуші бейтаныс адамдардың назарын аударуы немесе агрессорға физикалық жауап қайтаруы мүмкін. Ал физикалық қашықтан жасырын қорқыту агрессор әрекетіне еркіндік береді.
Желіде қолданушылар жасырын түрде «зардап шегуші» суретін қандайда бір дәлелсіз, біреудің рұқсатынсыз және оның сыртқы келбетін, интеллект деңгейін, әлеуметтік мәртебесі туралы ақпаратты жариялайтын аккаунттар мен топтар танымал. Басқа жазылушылар талқылауды іліп әкетіп, өздерінің жайсыз пікірлерін айта алады. Бұл жиі және ашық түрде болып жатады, мысалы, блогерлердің немесе әйгілі адамдардың жазбаларына комментарийде жазылушылар оның кез келген әрекетіне қарсы болады немесе оны қорғап жатады.
Өзбекстанда 22 жастағы Нодыр Косимов итпен серуендеп жүрген Ферғана қаласының 17 жастағы тұрғыны Эвелина К.-ны қатты соққыға жыққан соң, Эвелинаны қолдаған отбасылық зорлық-зомбылық пен сексизмге қарсы қыздардың флешмобынан кейін Instagram мен Facebook-тегі флешмоб қатысушыларына бағытталған көптеген эмоционал хабарлама мен пікір тудырды. Мысалы, Gonzo_mems сияқты өздерінің жеке идеологиясы бар жастар топтарында канал авторлары төзімсіздікті таратып, толерант болмау мен зорлық-зомбылыққа шақырады. Қазіргі уақытта қыздар желіде және оффлайн режимінде қудаланып жатыр, олардың өміріне қауіп төніп тұр [1].
Қырғызстанда маусым айының соңында танымал блогер Эмиль Токтошев өзінің Instagram-парақшасында қызды үйлену үшін алып қашуды (ала качуу) көрсетіп автокөліктерге тапсырыс беру туралы жарнама ретінде қойылған видео жариялады. Бір белсенді қыз блогерге ашуланғаны туралы жазып, видеоны өшіруді сұрады. Шоумен осы қыздың шомылуға арналған киім киген фотосуретін жариялап, «Өзің осылай жүргенде маған бірдеңе айтуға қандай құқың бар?» деп жазды. Осыдан кейін белсенді қыз шоумен жанкүйерлері тарапынан кибербуллингіге тап болды. Ызалы хабарламалар арасында тіл тигізу де, өлтірем деп қорқытқандар да бар [2].
Қазақстанда ғаламторда айфон формасындағы құлпытастың суреті тарағаннан кейін қайтыс болған жастың ата-анасы тарапына дөрекі мәлімдемелер мен хейтинг үйіп-төгілді. Заңғар Орынбетовтің жақындары дөрекі пікірлерге ренжіді, олардың бірі мынадай түсініктеме берді: «Көптеген желі қолданушысы ескерткішті көргенде таңданысы мен түсінбеушілігін жасырмады. Сондықтан кішкене түсініктеме берейін. Мұнда Заңғар Орынбетов деген жігіт жерленген. Ол қазір жоқ болса да, тарихта өшпес із қалдырды. Жас ғалым iPhone мен iPad үшін қазақша пернетақта ойлап тапты» [3].
Тәжікстанда 2020 жылдың қыркүйегінде Instagram-да самокаттарды жалға беретін тәжік компаниясының жарнамалық ролигі жарияланды, ол бірден қаптаған сын астында қалды. Роликте танымал блогерлер Рафаэль Гулов пен Шоира Пулатованың көрпеге жартылай жалаңаш оранып, Душанбені айналып өтеді. Бұл бір минуттық видео интернетте жанжал туғызды. Комментаторлар блогерлер туралы дөрекі сөздер айтып, тіл тигізді. Нәтижесінде, хейт толқыны кесірінен блогерлер мен компания видеоны парақшадан алып тастауға мәжбүр болды [4].
Мұндай мысалдар бұл ғана емес. Интернет қудалау деңгейі Орталық Азия аймағында өте жоғары.
Материал Еуразиялық Одақ қолдауымен BRYCA жобасы аясында дайындалды.
Дереккөздер:
- Матвиенко Ирина. Facebook.com. Мына жерден алынды:https://www.facebook.com/matvienko.irina/posts/3201089733283955
- Антон Данилов (30.06.2020). Wonerzine.com. Мына жерден алынды: https://www.wonderzine.com/wonderzine/life/experience/251073-syrga-tilekova-interview?fbclid=IwAR1gugKlgI4O8ZC4oyIDesgXFnUEitgLmfEcjD9_IsqMP1sN5tzmGg39278
- Caravan.kz (17.01.2017). Мына жерден алынды: https://www.caravan.kz/news/pamyatnik-v-vide-iphone-ustanovili-v-almaty-389112/?fbclid=IwAR2WUBaAP7-gzUWwU-ecTDaEqsybwZV3HGNNNOU8S3UQpR0rllBQvaKbR8w
- Марина Чернышова-Мельник (09.09.2020). Мына жерден алынды: https://tj.sputniknews.ru/society/20200909/1031869380/video-odeyala-reklama-dushanbe.html