Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Негізгі дағдылар: әлеуметтік желілердегі ақпарат көзімен жұмыс істеу

21.03.2024 • 04:38

Бүгінде әлеуметтік желілер тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ақпарат алудың да негізгі көзіне айналды. Әлеуметтік желілердегі ақпаратпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдерінің бірі – дереккөзді түсіну. Жазбаның авторы кім екенін, ақпараттың артында шынайы адам немесе ұйымның тұрғанына көз жеткізу. Бұл ұсынылған ақпараттың шынайылығын бағамдауға мүмкіндік береді.

Бұл мақалада біз ақпаратпен жұмыс істеуге көмектесетін негізгі дағдыларды қарастырамыз. 

Сыни ойлау және фактілерді тексеру 

Желіде ақпарат өте көп, ал сыни талдау ақпараттың шынайы немесе жалған екенін анықтауға көмектеседі. 

Сыни ойлау сұрақ қою, фактілерді тексеру, аргументтерді саралау және дереккөздің сенімділігін бағалаудан тұрады. Интернеттегі ақпаратпен жұмыс істегенде оған бірден сенбей, әр жаңалық, мақала немесе блогқа сыни көзбен қарау маңызды. Ақпаратты растау үшін бірнеше дереккөзді қолданыңыз.  

Дереккөздің сенімділігі мен шынайылығын бағалау

Ақпаратты анализдеу кезіндегі ең маңызды жолдардың бірі – дереккөздің сенімділігі мен шынайылығын бағалау. Бұл интернеттегі ақпаратпен жұмыс істеу кезінде жалған немесе адастыратын ақпаратты таратпау үшін қажет маңызды кезеңдердің бірі. 

Дереккөздің беделіне, ақпараттың актуалдығына, расталған деректердің барына көз жеткізіңіз. Ақпараттың шынайылығы мен бейтараптығына көз жеткізу үшін ақпаратты басқа да тәуелсіз дереккөздердің деректерімен салыстырыңыз. Ақпаратты бірнеше дереккөз растаса, оған сену көрсеткіші арта түседі. 

Ақпаратты жауапкершілікпен тарату

Интернеттегі ақпаратты жауапкершілікпен тарату цифрлық сауаттың маңызды бөліктерінің бірі. Қандай да бір ақпаратты бөліспес бұрын, оның шынайы және актуалды екеніне мән беріңіз. Жалған және фейк ақпаратты таратпау үшін тәуелсіз дереккөздер арқылы фактілер мен мәлімдемелерді тексеріңіз. 

Ақпаратты таратқан кезде оны қайдан алғаныңызды, яғни, дереккөзін көрсетуге тырысыңыз. Бұл оқырмандарыңыз бен көрермендеріңізге өз бетімен ақпаратты тексеруге және расталған деректер негізінде пікір қалыптастыруға көмектеседі. 

Бұл дағдылар ақпараттық шу әлемінде дұрыс бағдар алуға және әлеуметтік желілердің жауапты қолданушысы болуға мүмкіндік береді. 

Дереккөз: https://msavod.uz/

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.