Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Компьютер вирустары: зиянсызынан бастап ең қауіптісіне дейінгі даму тарихы

16.02.2022 • 11:21

Компьютер вирустарының пайда болу тарихына, шамамен 40 жыл болды. Ең алғашқы вирустардың бірі Apple компьютері үшін әзірленді (бірақ кейіннен ол Apple компьютерлеріне жаппай вирус жұқтыра алмады). Бұл 1981 жылы болды, ал «пионердің» атауы Elk Cloner еді (еркін аударма бойынша, «бұлан клонері»).

Elk Cloner вирусты компьютерлерге дискеттен жұқтырды: вирус жұққан дискеттен жүктеу кезінде жүйе вирустың көшірмесін іске қосады. Бұл компьютердің жұмысына айтарлықтай әсер еткен жоқ, өйткені оны америкалық мектеп оқушысы Ричард Скрента көңіл көтеру үшін жазған.

Ал MS DOS операциялық жүйесімен жұмыс істейтін ДК-ге арналған алғашқы кең таралған вирус 1986 жылы пайда болды, ол Brain (ағылшын тілінен аударғанда «ми») деп аталды. Дегенмен бұл вирусты жасаған пәкістандық ағайынды Фарук Алви адамдарға зиян келтіргісі келмеді: олар Brain-ді өзінің медициналық бағдарламасын лицензиясыз көшіруден қорғау үшін жазды.

Ең алғашқы компьютер вирусы індеттерінің бірі 1988 жылы болды, ол өзінің жасаушысы Роберт Морристің атымен Моррис құрты немесе «ұлы құрт» деп аталды. Ол АҚШ-тың Arpanet желісін шарлай бастады. Құпия сөздерді жинаған құрт желі қолданушылары компьютерін өз көшірмелерімен толтырды және осылайша 6 мың компьютерге вирус жұқтырып, 100 миллион долларға жуық зиян келтірді – бұл сол кездегі, әсіресе компьютер бағдарламасы үшін өте үлкен сома еді. Вирусты жасаған адам бәрін өз еркімен мойындады, сондықтан ол 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, оған ірі көлемде айыппұл салынды және қоғамдық жұмысқа жіберілді. Бұл компьютер алаяқтығы үшін берілген бірінші жаза еді. Дегенмен Моррис құртының эпидемиясы компьютер қауіпсіздігіне жақсы әсер етті – дәл осы «ұлы құрттың» шабуылынан кейін компьютершілер қате парольді енгізгеннен соң пауза жасау керек екенін ойлады.

1983 жылы америкалық ғалым Фред Коэн (Fred Cohen) өзін-өзі көбейтетін компьютер бағдарламаларын зерттеуге арналған диссертация жұмысында алғаш рет «компьютер вирусы» терминін енгізді.

Әлемде көптеген вирус бар, олардың ішінде ең танымалдары мыналар:

  • Worms немесе құрттар
  • Trojans немесе трояндар
  • Rootkits немес жасырынғандар
  • Zombies немесе зомби
  • Spyware немесе тыңшылар
  • Adware немесе жарнама вирустары
  • Winlocks немесе бұғаттаушылар
  • Bootkits немесе жүктеу вирустары және тағы басқа.

Сонымен қай вирусты ең қауіпті деп санауға болады? Қолданушының көзқарасы бойынша, оған ең көп зиян келтірген вирус ең қауіптісі. Ал ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан бұл – сіз әлі анықтай алмаған вирус.

Ал біз саған «қатты қалап тұрсаң да» күмәнді сайттарға кірмеуді, жарнама бұғаттаушыларды қолдануды, баннерлер мен сілтемелерді абайсызда басу әдетінен арылуды, маңызды құжаттардың резерв көшірмесін жүйелі түрде жасауды және сенімді антивирус және антитыңшы бағдарламаларының міндетті түрде болуын ұсынамыз.

 

Дереккөз:

encyclopedia.kaspersky.ru

habr.com

https://www.osp.ru/pcworld/2014/01/13038813

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.