"Бізді манипуляциялап жатыр" дегенді жиі естиміз. Бірақ бұл іс жүзінде қалай болады? Үкімет спикерлері БАҚ арқылы қандай әдістерді қолданады? Егжей-тегжейін қарастырайық.
Манипуляция - бұл фактілерді бұрмалау, «пайдалы» ақпарат шығарып, насихаттау арқылы оқырманды (контент тұтынушысы) басқару әдісі [1].
Америкалық лингвист, философ, қоғам қайраткері және саясаттанушы Ноам Хомский бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып, «манипуляция жасаудың 10 әдісі» тізімін жасады [2]:
1. Назарды басқаға аударту
«Азаматтардың назарын тұрақты түрде нақты әлеуметтік мәселелерден алшақтатып, оны мағынасыз тақырыптарға аударту. Азаматтардың үнемі бір нәрсемен айналысып, ойлануға уақыты болмауын қамтамасыз ету» ("Тихое оружие для спокойных войн" кітабынан үзінді).
2. Проблема тудырып, кейін оның шешу жолдарын ұсыну
Бұл әдісті "проблема-реакция-шешім" деп те айтады. Халық арасында белгілі бір реакция тудырады деп есептелетін қандайда бір проблема жасалып, ол проблема өздігінен билеуші топтарға қажет шараларды қабылдауды талап етеді.
3. Біртіндеп қолдану әдісі
Қандайда бір танымал емес шараны қабылдау үшін оны біртіндеп, күннен күнге, жылдан жылға жүзеге асыру жеткілікті.
4. Орындауды кейінге қалдыру
Танымал емес шешімді басып-жаншудың тағы бір жолы - оны «қиын және қажет» ретінде ұсынып, сол себепті оны болашақта іске асыруға азаматтардың келісімін алу. Құрбандықты қазір шалғанша, болашаққа қалдыруға келісу әлдеқайда жеңіл.
5. Халыққа кішкентай бала сияқты қарау
Көпшілікке арналған насихат сөз сөйлеудің көбісінде әңгіме дамуында артта қалу бар немесе ақыл-есі толық емес индивидуум туралы болып жатқандай дәлел, кейіпкерлер, сөздер мен интонация қолданылады.
6. Ой-толғамнан гөрі эмоцияға көбірек назар аудару
Эмоцияға әсер ету - бұл адамдардың рационал талдау жасау қабілетін, ақырында не болып жатқанын сыни тұрғыдан ойлау қабілетін бұғаттауға бағытталған классикалық әдіс.
7. Дарынсыздыққа тәрбиелеу арқылы адамдарды надан етіп ұстау
Адамдар өз еркімен өзін басқартып, бағындыруға қолданылатын әдіс-тәсілдерді түсінбеуіне қол жеткізу.
8. Азаматтарды дарынсыздарға сүйсінуге шақыру
Ақымақ, дөрекі және тәрбиесіз болу сәнге айналды деген ойды халыққа сіңіру...
9. Өзін-өзі кінәлау сезімін арттыру
Адамның оның ақыл-ой мүмкіндігі, қабілеті немесе күш-жігері жетіспеуінен болатын өзінің бақытсыздығына тек өзі кінәлі екеніне сендіру.
10. Әртүрлі ғылыми саладағы зерттеулер арқылы адамдар туралы олардың өзі білмейтінді көбірек білу
Дереккөздер:
1. Виктория Ли «Словарь фактчекера» (07.04.2019). Мына жерден алынды: https://factcheck.kz/glavnoe/slovar-faktchekera/.
2. Десять способов манипулирования общественным сознанием с помощью СМИ (16.06.2011). Мына жерден алынды: https://ria.ru/20110616/389137011.html