Технологиялар дамып, күн сайын бірін-бірі алмастыратын қазіргі әлемде ақпараттың таралу жылдамдығы кейде жарық жылдамдығымен теңесуі мүмкін. Үздіксіз телетрансляция, радиохабар, видеоблогтар, әлеуметтік желілер, электрондық пошта және т.б. ақпараттың бізді жан-жақтан қоршап тұрғанын көрсетеді.
Осындай ауқымды деректерді қалай талдауға, сараптауға және дұрыс қабылдауға болатынын түсіну үшін «медиасауат» және «медиабілім» ұғымдары бар. Бұл ұғымдар өте күрделі және оларды жиі шатастырады немесе бір-бірімен алмастырады. Істің мән-жайын анықтайық.
Медиасауат XXI ғасырдың дағдысы ретінде классикалық сауаттылықтан (оқу мен жазудың негізгі дағдылары) цифрлық немесе ақпараттық сауаттылыққа және соның нәтижесінде медиасауатқа немесе медиабіліктілікке қарай дамитын эволюция процесінде пайда болды (NAMLE, 2018).
Медиабілім – педагогикалық теория мен практикада білімнің айрықша, автономды саласының бір бөлігі ретінде қарастырылатын заманауи бұқаралық коммуникация құралдарын игеру үшін теория мен практикалық шеберлікті оқыту; оны математика, физика немесе география сынды басқа білім салаларын оқытуда медианы көмекші құрал ретінде пайдаланудан ажырату білу керек (UNESCO, 1984).
Осылайша, медиабілім – медианы оқу мен зерделеу процесі, ал медиасауат – осы процестің нәтижесі – оқушылар меңгерген білім мен дағдылар кешені.
Бізбен бірге қалыңыздар және көбірек жаңа мағлұмат біліңіздер!
Пайдаланылған дереккөздер:
Namle.net (2018). 2020 ж. 5 шілдеде «Namle.net» веб-сайтынан алынды: https://namle.net/publications/core-principles/
UNESCO (1984). Media Education. Paris: UNESCO, p.8.
Материал Еуропалық Одақтың қолдауымен BRYCA жобасы аясында әзірленді.