1990-жылдардағы веб-технологиялар дамуымен интернеттегі жарнама дәстүрлі маркетинг әдістерінің виртуал эквивалентіне айналды, мысалы: теледидар мен радиодағы роликтер, газеттегі жарнамалар, билбордтар және тағы басқа (SendPulse, 2020). Интернеттегі жарнамалар саны күн сайын артып келеді. Интернетті орташа жиілікте пайдаланушы күніне шамамен 430 жарнама топтамасын көреді! Бүгінде интернеттен кез келген адам туралы, әсіресе оның әлсіз жақтары туралы бәрін білуге болады (Кадочникова, 2018). Мұны жарнама берушілер белсенді пайдаланады: олар пайдаланушыларды қадағалайды және тыңдайды, ал кейбіреуі шектен шыққан әдістерді пайдаланады, мысалы, зиян кодтар YouTube хабарландыруларына енеді (Виджаян, 2018), ал біреулер Google жарнамасын жай ғана басып-ақ өз деректерін жоғалтуы мүмкін (Розенберг, 2018).
Интернет-жарнама дегеніміз не және жаман интернет-жарнама құрбаны болмау туралы баяндайық.
Интернеттегі жарнама (ағылшынша - internet advertising) - бұл компаниялар брендті алға жылжыту және сатылымды арттыру үшін пайдаланатын құралдар жиынтығы (SendPulse, 2020). Оның әдеттегі жарнамадан бірқатар артықшылығы бар: интернет қолданушысының реакциялары мен әрекетін бақылау мүмкіндігі, жарнама беруші қолданыстағы жарнама науқанына жылдам өзгертулер енгізе алады.
Барлық киберқылмыс тобы ішінде зиян жарнамамен айналысатын алаяқтары ең креатив болып келеді. Жарнама қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Confiant компаниясының 2019 жылғы зерттеулері интернеттегі әр 100-рет көрсетілетін жарнаманың зиян және деструктив мақсаты болатынын көрсетеді (Security, 2019).
Киберқылмыскерлер танымал веб-сайтта жарияланатын жарнамаға зиян бағдарламалар енгізді. Интернет қолданушылары бұл сайтқа сенеді, сондықтан осы сайт парақшасына еш нәрсеге алаңдамай кіреді немесе тіпті жарияланған жарнамаларды басуы мүмкін, нәтижесінде олардың құрылғысына зиян бағдарламалар жүктеледі. Кибершабуылдың бұл түрі Malvertising (зиян жарнама) деп аталады.
Тағы бір әдісі - пайдаланушыға ол басқан нәрсенің орнына жарнама беру, бұл кликджекинг деп аталады. Осы техниканы қолдана отырып, киберқылмыскерлер қолданушыларды адастырып, кейбір веб-объектідегі басылған жерді "ұрлап", адамдарды басқа бетке бағыттап, жарнама үшін ақы ала алады (Negrini, 2021).
Біздің цифрлық кеңістіктегі әрекетіміз адамның электрон цифрлық портретін жасай отырып, цифрлық із қалдырады. Біздің шынайы өміріміздің көп бөлігі виртуал кеңістіктегі іздерге байланысты. Жарнама берушілер, банкілер, ұялы байланыс операторлары біздің төлем қабілетімізді, жұмыс берушілер құзыреттілік пен коммуникатив дағдыларды, арнайы қызметтер саяси көзқарас немесе қақтығысқа қаншалықты бейім екенімізді бағалайды. Дәл осылай теріс ниетті адам біздің цифрлық ізімізге ілесе алады. Ол кезде не істеу керек? (Ксения Лученко, Екатерина Сивякова және т.б.)
Зиян жарнаманың ықтимал қаупін ескере отырып, өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету керек. Эксперттер бірнеше қарапайым ереже ұстануға кеңес береді:
1. Әрдайым интернетті қорғау функциясы бар жаңа антивирус бағдарламалық жасақтамасын қолданған дұрыс.
2. Операциялық жүйе мен браузерді уақтылы жаңарту қажет. Осы өнімдерді жаңарту «косметикалық» түзетулер енгізіп қана қоймай, табылған қауіпсіздік тесіктерін де «жамайды». Адам өнімнің ескі нұсқасын қолданса, зиян код өзіне белгілі осал тұстарды пайдалануға тырысуы мүмкін.
3. Антивирустың бар болуына қарамастан, жүктеулерге өте мұқият болу керек. Жарнама сілтемені басқан кезде браузер пайдаланушыны ешнәрсе түсіндірмей файлды жүктеуге шақырса, әуелі жарнамасы жасалып жатқан ресурс туралы ақпаратты мұқият тексеріп алу керек.
4. Жарнама желісі роботтары зиян жарнаманы өздері анықтайтынына сенудің қажеті жоқ. Зиян жарнамаларға тап болсаңыз, бұл туралы хабарландыру шыққан ресрус әкімшілігіне және осы жарнама желісі өкілдерінің өзіне хабарлағаныңыз дұрыс.
Сізге төмендегі викторинада жарнама туралы кей сауалға жауап беруді және команданың «Медианы қалай оқу керек?» (2020) деген тестін шешуді ұсынамыз.
Дереккөздер:
marketch.ru. (14 01 2021 г.). Словарь. URL: http://www.marketch.ru/marketing_dictionary/marketing_terms_i/internet-reklama/
Negrini, F. (14 01 2021 г.). Как работает интернет-реклама. URL: https://www.kaspersky.ru/blog/internet-ads-101/12961/
Security, P. (19 06 2019 г.). Malvertising или вредоносная реклама: что это такое и как себя защитить. URL: https://www.cloudav.ru/mediacenter/malware/malvertising/
SendPulse. (23 12 2020 г.). Что такое реклама в интернете? - Руководство. URL: https://sendpulse.com/ru/support/glossary/advertising
The Earth Is Flat - Как читать медиа? (2020 г.) Самоучитель по медиаграмотности. URL: https://howtoreadmedia.ru/upload/Assessment_Tool.pdf
Виджаян, Д. (26 01 2018 г.). Eweek. URL: https://www.eweek.com/security/attackers-distribute-crypto-currency-miners-via-doubleclick-ad-network
Кадочникова, С. (30 01 2018 г.). Реклама не просто опасна. Она доводит до безумия. URL: https://lenta.ru/articles/2018/01/30/hellofriend/
Розенберг, А. (27 01 2018 г.). Coinhive youtube google doubleclick. URL: https://mashable.com/2018/01/27/coinhive-youtube-google-doubleclick/