Сетике́т, нетике́т («желі» (ағылш. net) және «этикет» сөздерінің бірігуі) - көпшілік ұстанатын интернет-қоғамдастықтың мінез-құлық, қарым-қатынас ережесі, дәстүрі мен мәдениеті [1]. Сонымен, төменде бірнеше ереже келтірілген, оларды сақтау интернетте қолданушы жақсы жағынан көрінуге көмектеседі.
1. Лайк пен репостқа сақ болыңыз. Күлкілі суретті репосттау немесе лайк басу қылмыстық процеске айналуы мүмкін. Әлеуметтік желіде ұлт тақырыбындағы мәтін, сурет пен видео; діндерді күлкі қылатын контент; фашизм мен терроризм туралы ақпарат жариялаудың қажеті жоқ. Өзіндік цензураны ойлаңыз. Сізге қауіп төндіруі мүмкін пост жарияламаңыз немесе оларға лайк баспаңыз.
2. Таныстырыңыз бен бейтаныс адамдарға «сіз» деп сөйлеңіз. Әлеуметтік желіде немесе мессенджерде біреуге дос болуды ұсынсаңыз, кім екеніңізді және неге дос болғыңыз келетінін жазыңыз. Бірден шаруаға көшіңіз, жұмбақтап «сәлем» деп жазып алып, жауап күтіп отырмаңыз. Әдеттегі сыпайылық ережелері виртуал кеңістікке де қатысты. Мысалы, бейтаныс адамдар мен жасы үлкен кісілерге «сіз» деп сөйлеңіз.
3. Сауатты жазыңыз. Авто-түзеткішке сенбеңіз және тыныс белгілерін ескеріңіз. Орфография мен пунктуацияны қадағалаңыз.
4. Эмодзиді шамадан тыс пайдаланбаңыз. Интернетте хат алмасқанда әңгімелесушінің интонациясын түсіну қиын, ондайда стикерлер мен смайликтер көмекке келеді. Бірақ эмодзиді бей-берекетсіз қолдану оқуды және айтқанды түсінуді қиындатады. Бұл нәрсе #хэштегке де қатысты.
5. Хабарламаларды бөліп жазбаңыз. Хабарламаны сөзбен немесе сөйлеммен жіберу көбіне шатастырады. Сіз ойды әлі аяқтаған жоқсыз, бірақ әңгімелесуші жауап бере бастады, сіз оның ескертуіне жауап бересіз, ол сіздікіне, сонымен хаос басталады.
6. CapsLock қолданбаңыз. Интернетте ҮЛКЕН ӘРІПТЕРМЕН жазу айқайлауды білдіреді.
7. Басқа адамдардың уақытын құрметтеңіз. Көбіне хабарлама жедел келеді. Бірақ әңгімелесуші бірден жауап бермесе, ренжімеңіз (тіпті ол желіде отырса да). Түнде хабарлама жіберу де жақсы емес. Әсіресе «ШҰҒЫЛ» деген белгімен жіберу. Мәселе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіруге қатысты болмаса, оны таңертеңге қалдыруға болады. Ерекшелік: әңгімелесумен 24/7 режимінде сөйлесуге келіскенсіз.
8. Суреттерді достарыңыздың рұқсатынсыз жарияламаңыз. Біріншіден, фото досыңызға ұнамауы мүмкін. Екіншіден, кез келген адам жеке өмірін көпшілік назарына ұсынуға құлшыныс білдірмейді. Фотосуреттерді рұқсатсыз жариялау жанжалға әкелуі мүмкін.
9. Спам жасамаңыз. Әлеуметтік желілерде сіздің атыңыздан жіберілген шақырулар мен хабарламаларды бақылауға алыңыз. Бұл ойындар мен қосымшаларға шақыру, сіз жазылған топтардың акциялары мен іс-шараларына шақыру болуы мүмкін [2].
Дереккөздер:
1. Нетикет. Мына жерден алынды (09.05.2021): https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1060344
2. Сетевой этикет: как правильно общаться в интернете. Мына жерден алынды (09.05.2021): https://externat.foxford.ru/polezno-znat/setevoy-etiket