Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Орталық Азия елдерінде өшпенділік тілін қолдану жауапкершілік туралы

29.09.2020 • 17:00

Өшпенділік қылмыстары үнемі төтенше және атышулы болады – бұқаралық ақпарат құралдарының назарында болса, топтардың өзін-өзі сезінуіне және осындай шабуылдарға ұшыраған басқа да адамдарға едәуір ықпал етеді. Олар кез келген ел үшін, әсіресе жақында ғана тұрақсыздық кезеңін, оның ішінде этнографиялық-діни сипаты бар қарулы қақтығыстарды өткерген елдер үшін маңызды болып саналатын ауқымды әлеуметтік қақтығыстар мен саяси тұрақсыздыққа әкеп соғады, (Александр, 2015).

Бұл мақалада Орталық Азия елдерінде өшпенділік тілін қолдану мен халықтың қандай да бір тобын кемсіткені және өшпенділікті немесе алауыздықты қоздырғаны үшін қолданылатын қылмыстық жауапкершілік туралы оқисыздар.

Қырғызстан Конституциясы кемсітуге, өшпенділікке немесе зорлық-зомбылыққа шақыратын ұлттық, этникалық, нәсілдік, діни өшпенділікті, гендерлік және басқа да әлеуметтік артықшылықты

насихаттауға тыйым салады (Әділет Министрлігінің сайты, 2020). Ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған кез келген жарияланымдар, пікірлер және өзге де іс-әрекеттерге ҚР Қылмыстық кодексінің 313-бабына «Нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе аймақаралық алауыздықты (араздықты) қоздыруға» сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернет желісі арқылы нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты алауыздыққа, ұлттық абыройын қорлауға, сол сияқты азаматтардың дінге қатынасы, ұлттық немесе нәсілдік белгісі бойынша ерекшелікті, артықшылықты немесе кемдікті насихаттауға бағытталған іс-әрекеттер үшін кәмелет жасқа  толмағандар 2 жыл 6 айдан 4 жылға дейін, басқа жеке тұлғалар – 5 жылдан 7 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасын алуы мүмкін. Дәл сол әрекеттер адам өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмей күш қолданылып немесе қорқытып немесе адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы жасалса, кәмелет жасқа толмағандар – 4-6 жылға дейін, басқа жеке тұлғалар –  7 жыл 6 айдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін (Қырғыз Республикасының Қылмыстық Кодексі, 2020).

Мәселен, биыл ақпан айында блогер Эльмир Сыдыман өзінің Instagram парақшасындағы тікелей эфирде оңтүстік өңірлерді дамымаған және артта қалған деп атады. Бұл ҚР ҚК 313-бабы бойынша күдікті ретінде ұстауға негіз болды (Кактус Медиа, 2020).

Қазақстанда да әлеуметтік желілердегі пікір үшін сотқа барып қана қоймай, ҚР ҚК 174-бабы бойынша бас бостандығынан айырылуға болады. Мұндай әрекеттер үшін 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары көрсетілген (Цой, 2017).

Өзбекстанда осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы бар: ұлттық, нәсілдік, этникалық немесе діни араздықты насихаттайтын материалдарды шығару, тарату мақсатымен сақтау немесе тарату дәл осындай әрекет үшін әкімшілік жазадан кейін тағы жасалса, 133,8 миллион сумға дейін айыппұл немесе 3 жылға дейін түзеу жұмыстары немесе 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары қолданылады (Өзбекстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 2020).

Тәжікстанда да осындай мазмұндағы бап бар. 189-бапқа сәйкес, мұндай әрекеттер 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жолымен жазаланады. Егер бұл қылмыстар қайталанса немесе күш қолданылса, қызмет бабын пайдаланып сес көрсетілсе немесе адамдар алдын ала келісіп жасаса, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айырып немесе онсыз 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Егер мұны ұйымдасқан топ жасаса және абайсызда кісі өліміне немесе азаматты тұрғылықты жерінен күштеп шығарып жіберуге әкеп соқса немесе қауіпті немесе аса қауіпті рецидив кезінде жасалса, айыптылар 5 жылға дейін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз 8 жылдан 12 жылға дейін абақтыға қамау жолымен жазаланады (Тәжікстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 2020).

Тәжікстандағы Адам және заңдылықты сақтау бюросының хабарлауынша, 16 сәуірде Душанбе қаласындағы Шохмансур аудандық соты тәуелсіз журналист Далер Шариповты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 1-бөлігі бойынша – «Діни араздықты қоздырғаны үшін» бір жылға бас бостандығынан айырды. Осы мәлімдемені бірлесіп дайындаған азаматтық қоғам ұйымдары өз мақалаларында адам құқықтары мен діни бостандықтар мәселелерін жиі жазатын және мемлекеттің осы саладағы саясатын сынға алған 32 жастағы журналистің өз кәсіби қызметі негізінде қудалауға ұшырағанына алаңдап отыр. Олар Тәжікстан билігін журналисті тез және сөзсіз босатуға шақырады. Далер Шариповты 2020 жылдың 28 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) қызметкерлері «Ұлттық, нәсілдік, жергілікті немесе діни өшпенділікті қоздырды» деген айыппен ұстаған (Азаптаудан босату, 2020). ТР Қылмыстық кодексінің 189-бабын кеңінен тұжырымдау Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 20(2)-бабына қайшы келеді және арандатуды білдірмейтін және өшпенділікті, зорлық-зомбылықты немесе кемсітушілікті қоздыру қауіптерімен байланыспайтын пікір білдіргені үшін заңсыз жаза ретінде пайдаланылуы мүмкін нормативтік актілердің жарқын мысалы бола алады (Азаптаудан босату, 2020).

Материал Еуропалық одақтың қолдауымен BRYCA жобасы аясында әзірленді.

Дереккөздер:

Александр, В. (2015). ЕҚЫҰ елдерінің жеккөрушілік қылмыстарға, жек көру мен өшпенділік тіліне қарсы қылмыстық құқығы. Мәскеу: «Сова» орталығы

Кактус Медиа. (19 ақпан 2020 ж.). Кактус Медиа:

https://kaktus.media/doc/406327_blogera_sydymana_arestovali_na_dva_mesiaca.html

Қырғыз Республикасының Әділет министрлігінің сайты. (14 қыркүйек 2020 ж.). Әділет министрлігінің сайты: http://cbd.minjust.gov.kg/act/view/ru-ru/202913

АЗАПТАУДАН БОСАТУ. (17 сәуір 2020 ж.). Тәжікстандағы азаптау мен  жазасыздыққа қарсы азаматтық қоғамның коалициясы https://notorturetj.org/news/tadzhikistan-grazhdanskoe-obshchestvo-prizyvaet-vlasti-osvobodit-osuzhdennogo-zhurnalista 

Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексі. (14 қыркүйек 2020 ж.). Әділет министрлігінің сайты: http://cbd.minjust.gov.kg/act/view/ru-ru/111527

Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексі. (14 қыркүйек 2020 ж.). wipo.int:

https://www.wipo.int/edocs/lexdocs/laws/ru/tj/tj023ru.pdf

Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексі. (14 қыркүйек 2020 ж.).  Lex.uz: https://lex.uz/ru/m/acts/111457

Цой, С. (17 қараша 2017 ж.). Factcheck.kz. Factcheck.kz: https://factcheck.kz/socium/statya-174-uk-rk-mozhno-li-popast-pod-sud-za-kommentarij-v-socsetyax/

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.