Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Әлеуметтік желі қауіптері

02.06.2021 • 04:41

Ояна сала телефонды алып, әлеуметтік медиа профильдеріне кіру біз үшін әдеткеайналды. Біз ойланбастан жүздеген жазбаларды қарап шығамыз, комментарий жазамыз, реакция білдіреміз, лайк басып, «бөлісеміз». Көпшілігіміз әлеуметтік желінің зиянжақтары туралы ойламауға тырысамыз, өйткені оларға тәуелдіміз.

Назарларыңызға әлеуметтік желілердің негізгі қауіптерін ұсынамыз.

1. Құпиялық мәселелері
Өзіңіз туралы ақпаратты әлеуметтік медиаға жариялай отырып, оны көп адам көреалатынына дайын болуыңыз керек. Нәтижесінде, жеке өміріңіз жария болады.

2. Хакерлік және парольдерді бұзу

Өзіңіз туралы ақпаратты бейтаныс адамдардан қорғау үшін барлық шаранықолданғаннан одан түк шықпауы мүмкін. Танымал уеб-сайттардың құпия сөзін табуғажәне оларды бұзуға көмектесетін хакерлік бағдарлама көп.

3. Виртуал егіз

Уақыт өте келе өзіңіз туралы ақпарат бере бастайсыз: туған күніңіз, отбасыңыз, жұмысыңыз, бірге істейтін адамдарыңыз, тұратын жеріңіз және тағы басқа. Біреу бұлдеректерді ұрлап, жинап, сіздің виртуал егізіңізді жасай алады.

4. Интернетке тәуелдік

Әлеуметтік желі сайттары тәуелді етуі мүмкін: оларды пайдалану өте оңай, олар сізгесіз әлі білмейтін ақпарат әлемін ашады. Әлеуметтік желілер сізді бүкіл әлемге танытуғамүмкіндік береді. Өз парақшаңызға күніне көп рет кіріп, сансыз уақыт өткізе аласыз.

 

Әлеуметтік желіге тәуелді болмас үшін психологтардың мынадай кеңесін орындауғаболады:

  • Әлеуметтік желіге кіруге біртіндеп шектеу керек. Мысалы, онлайн отыруға кететінуақытқа нақты лимит қою қажет. Бастысы – әлеуметтік желіде «отыру» уақытынбіртіндеп азайту.
  • Әлеуметтік желіде не істейтініңізді мұқият қадағалау қажет. Тұрақты түрдеараласпайтын достарды және постын тек үйреніп қалған соң ғана оқитындостарды еш ойланбастан өшіріңіз. Жаңа хабарламаларды оқу күніне бірге дейін, максимум екі ретке дейін азайтылуы керек.
  • Денсаулығыңызды ойлаңыз. Ұйқыңыз дұрыс болмаса, арқаңыз ауырса, көзілдірікнемесе линза тақсаңыз, әлеуметтік желіні аз пайдалану қаншама ыңғайсыздықпен қиындықты жоятынын елесететіп көріңіз.

Әлеуметтік желілердегі қауіп-қатер шынымен де көп. Әлеуметтік желіні пайдалануданләззат ала аласыз, бірақ оны мұқият және сақтықпен жасаған жөн. Жекеақпаратыңызды басқаларға бөліскен кезде ақыл-ойды іске қосыңыз. Парақшаңыз кез келген сәтте жалпыға жария болатынына дайын болыңыз.


Дереккөз: https://sites.google.com/site/socsetki/home/pomos-v-sozdanii-socialnoj-seti

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.