Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Өшпенділік тілін қалай анықтаймыз?

18.07.2020 • 10:47

"Өшпенділік тілі" дегеніміз не? Кейбір тіл тигізу мен теріс пікірді не себепті "ызалы пікір" деп емес, өшпенділік тілі дейміз? Өшпенділік тілін қалай ажыратамыз? Осы мәтінді оқып (және викторинадан өтіп) "өзің ақымақсың" деген сөздің өшпенділік тілі ЕМЕС екенін, ал "әйелдерге көлік жүргізуге болмайдының" деген өшпенділік тілі екенін түсінесіз.

Өшпенділік тілі – бұл қандайда бір нәсіл, ұлт, жыныс, діни және әлеуметтік топ өкілдері үшін жағымсыз және олардың намысына тиетін теріс пікір немесе кемсіту. Тіл тигізу өшпенділік тіліне жатуы да, жатпауы да мүмкін. Оны ажырата білу үшін өшпенділік тілі әр адамның негізгі екі құқығымен тығыз байланысты екенін білу керек. Олар – ой еркіндігі құқығы мен теңдік құқығы.

Сонымен ой еркіндігі құқығы әр адамның ойлауға, ойын еркін жеткізуге құқығы бар екенін білдіреді. Оған қоса, әр адам мемлекеттік шекараға қарамастан кез келген құрал арқылы ақпаратты еркін іздеп, таратуға құқылы. Теңдік құқығы дегеніміз БАРЛЫҚ адам еркін және қадір-қасиеті (ешкім артық та, кем де емес, бәрі тең құрметке лайық) және тең құқылы болып туатынын білдіреді.

Кейде екі құқық бір-біріне керағар келіп жатады. Мысалы, біреу интернетте бір постқа мынадай пікір жазды делік: "Қазақстанда оларды (сығандарды) бақылау керек, есірткінің бәрі солардың қолынан өтеді, өздерінің Молдовасына барып, сатсын". Әр адам ойын еркін жеткізуге құқылы, бірақ бұл мысалда мына пікір ром (сыған деп айту – дұрыс емес) қоғамының теңдік құқығына, яғни қудаланбау, лайық қарым-қатынас пен  жеке қол сұғылмаушылыққа, заң бойынша кінәсі дәлелденбесе, кінәсіз болып есептелуге керағар келіп тұр. Теңдіктің қарама-қарсы түрі – кемсітушілік, жоғарыдағы мысал да осы мәнде. Мұндай пост авторы зорлық-зомбылыққа шақырады, ром ұлты өкілдеріне теріс пікірді жалпы таңады.

"Өшпенділік тілі" термині дәл осындай жағдайда қолданылады. Өмірімізді еркін әрі қауіпсіз ететін ережелерді бұзатын қандайда бір пікірді анықтаған соң өшпенділік тіліне қатысты шара қабылдай аламыз. Ондай шараға авторға ескерту беру, әлгі пікірді желіден өшіру, тергеу мен сотқа беру сияқты қатаң жағдайлар да жатады.

Өшпенділік тілі адамды кемсітеді. Сол себепті одан абстракт түсініктерді емес (мысалы, Отан, ту, діни дәстүрлер), АДАМДАРДЫ қорғау керек. Пікірлер мен идеяларды талқылауға, ойланып-толғанып, сынауға болады және солай ету керек те. Өшпенділік тілін анықтағанда идеяны сынау мен адамды қытай, арбадағы азамат, әйел, діни адам немесе атеист деп кемсіту арасындағы шегараны түсіну керек. 

Дереккөздер:

ARTICLE 19. (2019). «Қастастық тілін түсіндіру»: Практикалық құрал (2015 жылғы редакция).

* Викторинадағы өшпенділік тілі мысалдары BRYCA жобасының медиабақылауынан бейімделген. Жоғарыда көрсетілген өшпенділік тілі мысалдарының бірде-бірі BRYCA жобасы командасының, BRYCA жобасы серіктестері мен Еуропа одағы  көзқарасын білдірмейді. Мысалдар ағарту мақсатында жасалып, өшпенділік тілін мадақтау үшін емес, онымен күресуге бағытталған.

 

Енді мына тіркестердің өшпенділікке жататын-жатпайтынын анықтап көрейік (анықтамамен салыстырыңыз) ???

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.