Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Ақпаратты сын тұрғысынан қабылдау не үшін маңызды?

23.09.2021 • 14:52

Сын тұрғысынан ойлау туралы толғану ежелгі Грекияда-ақ басталған. Платон мен Сократ ақиқатты іздеу үшін қалыптасқан фактілерге күмән келтіріп, сұрақтар қоятын. Қазіргі заманда бұл дағды бұрынғыдан да өзекті бола бастады.

Сонымен, «Сын тұрғысынан ойлау деген не?»

Сын тұрғысынан ойлау - алынып жатқан ақпарат пен өз сеніміне күмәнмен қарау қабілеті. Дағды нақты және рационал ойлауға, фактілер арасындағы логикалық байланысты іздеп, мықты дәлелдерді тұжырымдауға көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлаудың негізі - пайымдау қабілеті.

Сыни ойшылдар идея мен пікірді шындық деп қабылдамай, оларға күмәнмен қарап, сұрақтар қояды.

Қазіргі ақпараттық ағын - бұл жаңалықтар, жарнама, пайдалы контент, насихат араласатын хабарламалардың тұрақты арнасы. Жазылып, айтылғанның бәріне сенсеңіз, сізді басқа біреудің пікірін манипуляциялау немесе таңу үшін алдауы мүмкін.

Медианың жалған ақпараты қаржы жағдайыңызға, кәсібіңізге немесе жеке өміріңізге теріс әсер етуі мүмкін. Мысалы, бір адам аноним болып жақын арада кейбір тауар бағасы көтерілетінін хабарлады делік. Жаңалық сенімсіз болып шығып, ал сіз сол тауарларды көп мөлшерде сатып алсаңыз, сізге шығын келеді. Барлық ақпараттың шындыққа сай келуі мүмкін емес. Өтірікті, фактілер мен пікірлерді ажыратуды үйрену керек.

Сын тұрғысынан ойлауды бірден үйреніп кетпейді. Бұл шет тілін үйрену сияқты - бастапқыда бәрі күрделі және түсініксіз болып көрінеді, бірақ логиканы түсінген кезде, оңайырақ болады. Әдетте сенетін нәрселер туралы ойланыңыз. Мысалы, әлеуметтік желілердегі рекомендацияларды қарап отырсаңыз, сізге не себепті мұндай контентті, не үшін мұндай ретпен көрсетіп жатқанын ойланыңыз. Осы мақаланың тезистері мен аргументіне күмән келтіріп, зерттеулерге сілтемелерді немесе эксперттер құзыреттілігін тексеріңіз.

«5W + H» факт тексеру әдісін қолданыңыз

What? - не болды?

Why? - неге бұлай болды?

Who? - бұл туралы кім хабарлады?

Where? - бұл қай жерде болды?

When? - қашан болды?

How? - бұл қалай болды?

Сын тұрғысынан ойлауға және соған назар аударуға тырысыңыз. Не болып жатқанын шынымен түсінгіңіз келсе, «хабары бар болу» үшін ғана тақырыпты оқу жеткіліксіз.

 

Сыни ойлау туралы роликті көріңіз)

https://youtu.be/-X6siNJP8Qk

https://youtu.be/kEaIAz3Z5q8

 

Дереккөз:

https://trends.rbc.ru/trends/education/5e81f1339a7947c0a7a6eef3

 

MediaSabak YouTube каналы

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.