Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Шындық өлшегіш

18.12.2020 • 06:54

Шындық немен өлшенеді?

Орталық Азияның фактчекерлері ақпараттың қаншалықты рас екенін бағалау үшін «шындық өлшегішті» қолданады. «Шындық өлшегіш» – мұқият талдаудан кейін шығарылатын үкімдердің жіктелуі.

«ШЫНДЫҚ» – мұндай үкім ақпарат, яғни фактчек объектісі 100% сенімді және фактілермен расталған жағдайда шығарылады. Бұл кез келген формадағы ақпарат болуы мүмкін: мәлімдеме, оқиға, жаңалық, дерек, цитата, сурет, бейне немесе құжат.

«ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ» – бұл ақпарат тек ішінара расталса немесе дәлсіздіктер, елеусіз қателер, дұрыс емес бұрмалаулар, маңызды емес деректер немесе жалпы ұғымдар қолданылғанда фактчекинг нысанына шығарылатын үкім.

«ЖАЛҒАН» – мүлдем дұрыс емес ақпарат. Бұл үкім фактілер ойдан шығарылған жағдайда, ал мәлімдемелер жоқ дерек негізінде жасалған кезде шығарылады.

«МАНИПУЛЯЦИЯ» — әдейі бұрмаланған деректерді немесе деректердің бір бөлігін жариялау. Көбіне мұндай үкім контекстен алынған деректерде, қоғамдық пікірге ықпал ету, әлеуметте маңызды адамдардың немесе оқиғалардың мәртебесін көтеру немесе төмендету мақсатында қолданылатын цифрлар мен фактілерді әсірелеген немесе азайтқан материалдарға беріледі. Сондай-ақ, «манипуляция» үкімі ақпаратқа қол жеткізуде шектеу болған кезде немесе шынайы позицияны жасырған кезде шығарылады.

Фактілердің жеткіліксіздігі мен дәлелдеудің мүмкін еместігіне байланысты шындықты немесе жалғанды дәлелдеу мүмкін болмаса, басылымға «ҮКІМ ЖОҚ» мәртебесі беріледі.

Толығырақ: https://factcheck.kz/kak-my-opredelyaem-pravdomer/. Кез келген материалды қолданғанда Factcheck.kz сайтына гиперсілтеме берілуі керек.

Сілтеме:

Мына жерден алынды: https://factcheck.kz/kak-my-opredelyaem-pravdomer/

МЫСАЕВА К. Н. Қазақстандағы деректерді тексеру (fact-checking) әсері

https://elar.urfu.ru/bitstream/10995/61284/1/978-5-7996-2403-3_72.pdf

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.