Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Насихат

15.12.2021 • 09:17

Насихат – қоғамдық сананы манипуляциялау мақсатында түрлі дәлел, тексерілген және расталмаған фактілер, өсек-аяң немесе ашық өтірік, құндылық туралы пікірлер, эмоционал мәлімдемелер және тағы басқа арқылы халыққа саяси, діни, философиялық, ғылыми немесе басқа да көзқарастарды тарату.

Үгіт-насихат жағымсыз нәрсемен байланысты болғанымен, бастапқыда оның нақты жаман немесе жақсы деген пиғылы болмады. Бұл – ең қарапайым және тиімді әдістерді қолдана отырып, идеяны мүмкіндігінше көп адамға жеткізу тәсілі. Үгіт-насихат бағыты қазірдің өзінде насихатшының өз алдына қойған мақсатына байланысты. Мысалы, біреу салауатты өмір салты идеяларын насихаттайды, ал біреу бір нәсілдің басқалардан артық екені туралы идеологияны таратады.

Үгіт-насихаттың тиімділігі – адам үшін өте қарапайым және түсінікті нәрселермен әрекет етуінде. Жақсы немесе жаман, өзіңдікі немесе біреудікі, әділеттілікті қалпына келтіру және бір нәрседен қорқу сияқты адам табиғатының негізгі инстинктеріне жүгінеді.

Мұны насихат қалай істейді?

«Жапсырманы» пайдалану: адамға немесе топқа теріс, бірақ түсінікті «жапсырма»жапсырылатын әдіс: нацист, фашист, либерал және т.б.

Нақты фактілерден назарды аударту үшін ұғымдарға әдейі қосылатын ізгі сөздер. Мысалы: «белгілі ғалымдар», «эксперттердің айтуы бойынша», ғылыми, тұрақты пікірлер.

Атақты адамдардың пікірі, идеяны үлкен мақсатты аудиториясы бар танымал және белгілі тұлғалардың алға жылжытуы. Нәтижесінде, жанкүйерлер оның шынайылығы мен дұрыстығына күмән келтірмей, кумирден барлық ақпаратты алуы керек.

Аса дәріптеу, яғни идеяға немесе тұлғаға қасиетті мағына беру, қасиеттілік немесе құдайлық бейнесін жасау. Мысалы: «Бұл бізге Құдай берген жер, енді бізге былай ету керек», «Құдай берген құқық...».

Көпшілікке телу – бұл идеяның бұқараның жалпы пікірі ретінде берілуі. Мысалы: «Жалпы пікір бойынша», «Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігінің пікірінше...», «Халық пікірі бойынша...».

Ал насихаттың ең тиімді әдісі – қорқыныш. Адамдарға төтенше қауіп идеясы жеткізіледі. Бұл соғыс, кедейлік, құлдық, аумақтарды жоғалту және тағы басқа болуы мүмкін. Мұндай кісі қызығарлық түгі жоқ тағдырдан аулақ бола білу адамды қалаған идеологияға жетелеуі керек.

Дереккөз: https://chto-takoe.net/chto-takoe-propaganda/

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.