Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Орталық Азиядағы көп таралған стереотиптер

07.06.2022 • 11:11

"Ас үйде не істеп жүрсің, әйелсің ба не?", "Оған оқу не керек, тұрмысқа шыға салса болды!", "Бұл әйелдің мамандығы емес, оған өтпейсің", "Ауырса, шыда.  Жігітсің ғой!", "Тұрмыстағы әйел төзуі керек", "Ата-бабаларымыз осылай істеді, біз де солай етеміз", "Әйел – нашар жүргізуші", "Ер адам әйелден көп ақша табуы керек", "АИТВ өмірде өзін нашар ұстайтындарда ғана болады", "Әйел отбасына назар аударуы керек", "Қыздар 25 жасқа дейін тұрмысқа шығуға тиіс", "Бизнестегі әйелдер ерлерге қарағанда табысты емес", "Үздік хирург – ерлер" –  бұл Орталық Азия елдерінде кеңінен таралған стереотиптер. Мұны Өзбекстанның заманауи журналистиканы дамыту орталығы жүргізген шағын сауалнама көрсетті. Сауалнамаға Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Қазақстан және Өзбекстаннан 20 журналист қатысты.

Гендерлік стереотиптер – сол күйі Орталық Азиядағы ең кең тараған стереотиптер болып отыр. Ерлер мен әйелдердің тең емес мүмкіндіктері мәселесі ХХІ ғасырда әлі де өзекті. Тәуелсіздік жылдарында Орталық Азия елдері гендерлік теңсіздікпен күресу үшін бірқатар прогрессив шараны қолға алды. Соған қарамастан, тамырлап кеткен патриархал негіздер жойылған жоқ, солайша Орталық Азияда гендерлік кемсітушілік мәселесі әлі бар, олар өмірдің әртүрлі саласында кездесіп отыр.

Әділ емес гендерлік стереотиптер – көбіне әйелдерге қатысты кемсітушіліктің бір себебі және денсаулық жағдайы, жақсы өмір сүру деңгейі, білім, неке және отбасы қатынастары, еңбек, сөз бостандығы, қозғалыс еркіндігі, саяси өмірге қатысу және саяси мүдделерді білдіру, тиімді құқық қорғау құралдары және гендерлік зорлық-зомбылық болмауы сияқты бүтін бір құқықтың бұзылуына әсер ететін фактор.

Кемсітушілік стереотиптерді мынадай бөлімдер арқылы азайтуға болады:

• тұлғалық – сөйлеу, қарым-қатынас, таңдау, мінез-құлық арқылы;

• қоғамдық – белгілі бір әлеуметтік жағдайлар жасау арқылы, гендерлік бейтарап әдебиеттер, фильмдер, әндер және т.б., ойыншықтар, киімдер, білім беру бағдарламалары, тәрбие әдістері, экономикалық ресурстарға тең қол жеткізу және т.б. арқылы;

• мемлекет – бекітілген саясат, гендер теңдігі, құқықтар мен мүмкіндіктер саласындағы нормативтік-құқықтық база арқылы.  

 

Сілтеме: file:///Users/macbook/Downloads/%E2%84%961.1%20Guidelines%20to%20help%20eliminate%20discriminatory%20stereotypes%20against%20rural%20women%20(2).pdf

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.