Желіде ақпарат жылдам тарап кететін әлемде репост әлеуметтік желідегі мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда бұл қарапайым әрекеттің артында этикет пен түпнұсқа мәселелері қылаң береді. Репостты қалай дұрыс жасау керек екеніне тоқталайық.
1. Репосттың мәнін түсініңіз
Репост — сіз тапқан қызық контентті оқырмандарыңызбен бөлісудің амалы. Алайда, біреудің идеясын өзіңіздікі деп көрсетуге болады дегенді білдірмейді.
2. Авторлық құқыққа құрметпен қараңыз
Репост жасамас бұрын, бұл контентті бөлісуге құқығыңыз бар екеніне көз жеткізіңіз. Автордың рұқсаты бар-жоғын немесе өзі дереккөз екенін тексеріңіз. Плагиат – авторлықты әдейі иемденіп алу екенін және алаяқтыққа жататынын ұмытпаңыз.
3. Автордың еңбегін бағалаңыз
Репост жасаған кезде автор мен дереккөзді көрсетіңіз. Авторлықтың нақты екеніне сенімді болмасаңыз, оны пікірде атап өтіңіз.
4. Контекстті өзгертпеңіз
Репост жасаған кезде түпнұсқа контекстін өзгертпеуге тырысыңыз. Өзіңнің пікіріңді қосқан жақсы, бірақ алғашқы мағынасын жоғалтып алмаңыз.
5. Өзіңіздің пікіріңізді бөлек жеткізіңіз
Өз пікіріңізді білдіріп, өз атыңыздан қосарыңыз бар болса, оны түпнұсқа жазбаның мәтініне емес, бөлек пікірге жазыңыз.
6. Плагиаттың алдын алыңыз
Контент құнды болып, сіз оның формасын өзгерткіңіз келсе, түпнұсқаға сілтеме беріп, өзіңіз пост жазыңыз.
7. Адамдардың сезіміне құрметпен қараңыз
Кейде адамдар жеке және әлсіз сәттерін бөліседі. Репост жасамас бұрын, мұның авторға және оның айналасындағыларға қалай әсер ететінін ойлаңыз.
8. Шегін біліңіз
Профиліңізді репорсттарға толтырып тастамаңыз. Сіге жазылған адамдарға қызық болады-ау деген контентті ғана таңдаңыз және оны ақылмен бөлісіңіз.
Репост — ақпаратты тарату ғана емес, виртуалды қарым-қатынастың бір түрі. Әлеуметтік желілерде этикетті сақтау басқалардың еңбегін бағалайтын және контентті ақылмен бөлісетін ашық қауымдастық құруға көмектеседі.
Дереккөз: https://msavod.uz/