Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Резерв көшірмелер: Бэкапты қалай дұрыс жасауға болады?

12.04.2021 • 03:06

Компьютердегі, смартфондағы немесе планшеттегі деректердің жоғалуы көптеген қолданушы үшін қорқынышты түстей. Файлдар әртүрлі себепке байланысты жоғалуы мүмкін: гаджет иесінің кездейсоқ қатесінен және жүйенің бұзылуынан хакерлік шабуылға және зиян вирус әрекеттеріне дейін. Әрине, мұндай жағдай бола қалса, онда құрылғының өзінен де қымбат болуы мүмкін деректерді қалпына келтіргісі келер еді және ондай жол бар. Бұл резерв көшірме деп аталады (technari.com, 2021).

Бұл мақалада біз резерв көшірмелер туралы маңызды сұрақтарды ретімен қарастырамыз: оларды қашан, қайда және қалай жасауға болады.

Қашан?

Дәлірек айтқанда, қаншалық жиі? Шындығында, жиі болған сайын жақсы, ал ең бастысы - үнемі. Сондықтан, ең жақсы нұсқа - белгілі бір уақыт аралығында резерв көшірме кестесін жасау. Ең дұрысы, резерв көшірмелер автоматтандырылған болуы керек.

Қайда?

Басты принцип: бэкаптарды деректер орналасқан негізгі жүйеден басқа нәрсеге жасау қажет. Сонда ғана құрылғыға кейбір шифрлаушы бағдарлама шабуыл жасаса, деректер сақталатынына сенімді бола аласыз. Мұнда негізгі үш нұсқа бар: USB флэш-дискісі немесе сыртқы қатты диск, желілік сақтау (NAS, Network Area Storage) немесе бұлтты сақтау. Осылардың қайсы сізге ыңғайлы болатынын шешіңіз (Ryabova, 2019).

Бұлтты сақтау - бұл мобильдік және әлемнің кез келген нүктесінен кез келген құрылғыдан файлдарға қол жеткізу мүмкіндігі тұрғысынан тамаша мүмкіндік. Бірақ тағы бір рет еске салайық, бұлт - бұл басқа біреудің компьютері, сондықтан деректерді кімге сеніп тапсыруды мұқият таңдау керек (Drozhzhin, 2017).

Қалай?

Әуелі, көшіретін файлдарды таңдайсыз: бірден бәрін таңдауға болады, болмаса тек фотосуреттер мен кескіндер, фильмдер немесе музыканы таңдай аласыз. Тағы бір нұсқа - барлық файл көшірілетін бөлек қалталарды белгілеу.

Резерв көшірме жасау кез келген компьютер, планшет немесе смартфон қолданушысы үшін өте керек. Бақытымызға орай, кез келген табыс деңгейі бар қолданушы үшін оны жасауға көптеген мүмкіндік бар. Сондықтан жалқау болмаңыз, кейінірек өзіңізге ауыр болмас үшін бэкап жасаңыз. (technari.com, 2021).

 

Дереккөз тізімі:

Drozhzhin, A. (21 август 2017 г.). kaspersky.ru. kaspersky.ru-дан алынды: https://www.kaspersky.ru/blog/vpn-what-you-need-to-know/18543/

Ryabova, Y. (29 апрель 2019 г.). kaspersky.ru..kaspersky.ru-дан алынды: https://www.kaspersky.ru/blog/how-to-backup/18914/

technari.com. (1 март 2021 г.). technari.com-на алынды: https://technari.com.ua/ru/services/about-company/articles/what-is-backup/

www.kaspersky.ru. (31 март 2017 г.). kaspersky.ru-дан алынды: https://www.kaspersky.ru/blog/file-protection-10-tips/14496/

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.