Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Бүгінгі таңда ең таңғалдыратын дипфейк мысалдары

21.07.2021 • 11:53

1. TikTok-тағы Том Круз туралы дипфейк

Дипфейктің артық кеткені сонша, енді TikTok-та @deeptomcruise деген аккаунт пайда болды. Ол толық Том Круздың дипфейктеріне арналған. Жалған видеоның шынайы көрінетіні соншалық, оны тіпті алгоритм де анықтай алмады. @deeptomcruise аккаунтының жарты миллион жазылушысы бар. Актердың дипфейкі гольф ойнап, Михаил Горбачевпен кездескені туралы баяндап, фокус көрсетеді. Тиктокта Том Крузды ойнайтын адам актердың мимикасын, қозғалысын, дауысын, тіпті күлкісіне дейін дәл салады. Қалғанынынң бәрін нейрожелі істейді [1]

2. Екінші Елизавета патшайымның дипфейкі

Channel 4 британ телекомпаниясы Екінші Елизаветаның дипфейк арқылы жасалған TikTok тренді стилінде “билеген” видеосын эфирге шығарды. Channel 4 арнасының техникалық директоры Ян Катцтың (Ian Katz) айтуынша, видео көрермендерге дипфейк технологиясының қаупін хабардар ету үшін көрсетілген. Видеоны «Оскар» сыйлығын иеленген Framestore арнайы эффектілер студиясы жасады, ал патшайымның ролін актриса Дебра Стивенсон (Debra Stephenson) сомдады. [2]

3. Илон Масктың дипфейкі

Халықаралық ғарыш станциясына Crew Dragon ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін интернетте Илон Масктың «Трава у дома» әнін "орындаған” дипфейкі тарады. Илон Масктың SpaceX компаниясы Crew Dragon ғарыш кемесіндегі ғарышкерлерді Халықаралық ғарыш станциясына алғаш рет жіберді. Маскты кеменің сәтті ұшырылуымен біреулер сөзбен, ал біреулер оның қатысуымен дипфейк жасап құттықтады. Дипфейк сондай шынайы болып шықты. Оған оңай сенуге болады, өйткені Маск кейнгі бірнеше жылда орыс тілінде көп жазып жүр. [3]

4. Кәріс дикторы Ким Джу-Ха

Корей MBN телеарнасы өзінің жаңалықтар жүргізушісі Ким Джу-Ханың дипфейкін ұсынды. Телеарна көрермендерге жаңалық оқырманы жалған болатынын және Ким Джу Ха бұрынғыдай телеарнада жұмыс істеп жатқанын алдын ала ескертті. Дегенмен MBN кейбір шұғыл жаңалық үшін дипфейк қолдана беруді жоспарлап отырғанын айтты. [4]

Дереккөз:

  1. Esquire; “Том Круз появился в тиктоке.” 26/02/2021 website: https://esquire.ru/articles/244853-tom-kruz-poyavilsya-v-tiktoke-eto-dipfeyk-no-slishkom-ubeditelnyy/#part0
  2. Naked-science “Дипфейк королевы Елизаветы II выступил на британском телеканале и вызвал бурю негодования” 25/12/20 website:   https://naked-science.ru/article/media/dipfejk-korolevy-elizavety-ii-vystupil-na-britanskom-telekanale-i-vyzval-buryu-negodovaniya
  3. Meduza « Илон Маск поет про Землю в иллюминаторе…» 31/05/20 website: https://meduza.io/shapito/2020/05/31/ilon-mask-poet-pro-zemlyu-v-illyuminatore-posmotrite-samyy-aktualnyy-dipfeyk-posle-zapuska-crew-dragon
  4. CREATIVE BLOQ “14 deepfake examples that terrified and amused the internet” 1/06/21 website: https://www.creativebloq.com/features/deepfake-examples

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.