Дипфейк технологиясы осы саладағы заңдарға қарағанда жылдамырақ дамып келеді. Америкалық Twitter, Facebook және қытайлық TikTok дипфейктер таралуын әртүрлі тәсілмен өз бетінше реттеуге тырысты [1].
Мысалы, TikTok жаңа саясаты қолданушыларды адастыратын, оқиғалар туралы шындықты бұрмалайтын, солайша зиян келтіретін кез келген синтетикалық немесе манипулятив контентке тыйым салады. Бұл әлеуметтік желі саясаты интернеттегі саяси қарсыластарын қаралау үшін кез келген алдамшы бейнені пайдаланудың алдын алуға арналған.
Facebook 2020 жылдың басында дипфейктерді жою саясатын жариялады. Хабарламалар мынадай жағдайда жойылады: контентті көрген адам видеодағы субъект өзі айтпаған сөзді айтты деп ойлайтындай болса; видеоны өзгертіп, оны шынына ұқсатып жасайтын жасаны интеллект немесе машина оқытуы өнімі болса.
Twitter негізінен твит белгілеуді және қолданушыларға өзгертілген жаңалықты жоюдың орнына ескертуді көздейтін дипфейктер мен медиа манипуляция туралы ереже енгізді. Компания хабарлауынша, жалған немесе сенімсіз материалдан тұратын твит зиян келтіруі мүмкін болған жағдайда ғана жойылады.
Әлеуметтік желілер үшін басты проблема - дипфейктерді анықтау технологиясы болмауы. 2019 жылы Facebook Microsoft-пен және басқа серіктестерімен бірге проблема шешімін табу үшін The Deepfake Detection Challenge деген конкурс бастады. Ең сәттісі Белорусь әзірлеушісі Селим Сефербековтің моделі болды. Ол сынақ мәліметтер жиынтығында 65,18% дәлдікке қол жеткізді. Үшінші орында ресейлік NTechLab компаниясы моделі тұр.
Технология көшбасшылары - «Яндекс», TikTok, Microsoft, IBM, Kaspersky Lab, Reface, FaceApp, Ntechlab және басқалары - РБК дипфейк және авторлық құқық тренді туралы комментарий беруден бас тартты.
Дереккөз:
1. Янина Ноэль «Дипфейки: как трансформируется авторское право на контент» (18.05.2021).Получено: https://trends.rbc.ru/trends/industry/5fc688fe9a79473e6ff9b82a