Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Стереотиптер: ұғымы және пайда болу себептері

25.05.2022 • 13:39

Біз күн сайын белгілі бір мәселе бойынша айналамыздағы адамдардың пікірі маңызды болғандықтан оларды тыңдаймыз. Сонымен қатар, өзгелердің пікірі субъектив екенін білсек те, солардың сөзіне сенеміз. Сол сияқты біз БАҚ-тан, әлеуметтік желілерден ақпарат алуға тырысамыз. Стереотиптер осылай пайда болады: адамның белгілі бір тақырыпқа немесе құбылысқа эмоционал қатынасы белгілі бір білім деңгейіне қосылады. Оның үстіне, біз бала кезімізден бұқаралық ақпарат құралдарының кесірінен пайда болатын әлеуметтік стереотиптерді біле бастаймыз.

Әлеуметтік стереотиптер – қандай да бір адамдар тобының ішіндегі тұрақты және эмоционал түсті көріністер.

Былайша айтқанда, біздің стереотиптер – біздің қызығушылығымыздан, қалауымыздан, әдетімізден тұратын дүниенің суреті.

Адамның айналасындағының бәрі оның ішкі идеалымен еріксіз салыстырылады. Сондықтан стереотиптер оң немесе теріс болуы мүмкін, мысалы, «барлық баланың жаны таза» және «әйелдер ерлерге қарағанда ақымақ». Барлық стереотип қабылдау ерекшеліктерін көрсетеді және адамдардың шындықты білу процесін жеңілдетеді. Бірақ бұл шындық көп жағдайда объектив емес, өйткені стереотип – біржақты пікір. Сонда стереотип оң құбылыс па, жоқ па деген қорытындыны не нәрсеге сүйеніп жасауға болады?

Стереотиптің мәні оң немесе теріс болуы қазіргі жағдайға байланысты, өйткені кейбір жағдайда стереотип ақиқат болуы мүмкін, ал басқа жағдайда мүлдем шындыққа жатпайды. Стереотиптер белгілі бір жағдайлардың әсерінен пайда болады, олар кез келген уақытта өзгеруі мүмкін, ал теріс пікір көптеген жыл бойы сақталады.

Көбінесе стереотиптер адамға таңдау жасағанда немесе оған қажет шешім қабылдағанда қосымша күш-жігер кетірмеуге көмектеседі. Қазіргі қоғамдағы әр адам үлкенді сыйлау, кішілерді қорғау, басқаларға көмектесу қажет деп ойлайды. Мұндай стереотиптер қоғамдағы адам мінез-құлық нормаларына, ережелерге айналды, тәрбиелі адам неге басқаша емес, сондай болады деген ой ешкімнің басына келмейді. Бірақ бұл стереотиптердің жақсы жағының жалғыз көрінісі емес. Қажет ақпараты жоқ оқиғаға немесе әлеуметтік құбылысқа адекват баға беру өте қиын болуы мүмкін. Ондай жағдайда адамдар қоғамда қалыптасқан стереотиптерге жиі жүгінеді, оларды қолдану субъектив шешім шығаруды қажет етпейді және белгілі бір адамнан жауапкершілікті алып тастайды.

Бір жағынан, жалған білімге негізделген әлеуметтік стереотип мінез-құлықтың белгілі бір үлгісін таңады, ол әуел бастан дұрыс емес болуы мүмкін.

Бізге үнемі: «Өзгелерден ерекшеленбе, басқалар сияқты болуың керек!» – дейді. «Енді сені осы үшін құрметтемейді» деген сөздер қауіп төндіріп, біз шынайы болудан қорқа бастаймыз.

Жалған стереотиптер адамды басқа адамдарға қатысты олардың нәсіліне, ұлтына, сыртқы түріне немесе өмір салтына қарсы өшпенділікке бағыттайды. Стереотиптер адамдар тобы арасындағы ұқсастығына емес, олардың айырмашылығына назар аударады, нәтижесінде адамдар «жаман» және «жақсы», «біз» және «олар» және тағы басқа болып бөлінеді.

Стереотиптер мен теріс пікірлер ұзақ өмір сүретінін түсіну керек, өйткені адам өзінің әрбір шешімін немесе әрекетін ылғи да мұқият қарастырып, таразылай алмайды. Дегенмен стереотиптердің кері әсерін алған тәжірибе мен алған білім әлсіретуі мүмкін. Адам бір нәрсе туралы алған ақпаратты тексеріп, естіген немесе оқыған нәрсенің бәріне сол сәтте сене қалмаса және негізсіз қорытынды жасамаса, ол стереотиптердің әсерінен құтылып, әлемнің объектив бейнесін қалыптастыра бастауы мүмкін. 

 

Дереккөз: http://bip-grodno.by/preodolenie-predekzamenatsionnogo-stressa/

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.