Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Сөз бостандығы vs Өшпенділік тілі

25.09.2020 • 05:52

Өшпенділік тілі мен сөз бостандығы арасындағы шекараны табу оңай бола бермейді. ЕҚЫҰ 2018 жылғы есебіне сәйкес, халықаралық заң көзқарас білдіру бостандығы құқығын қорғайды. «Әр адам өз пікірін еркін білдіруге құқылы; бұл құқық мемлекеттік шекараларға қарамастан, кез келген ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және өз қалауы бойынша ауызша, жазбаша немесе баспасөз арқылы, ой білдірудің көркем формалары арқылы немесе өзге де тәсілдермен тарату бостандығын қамтиды». Басқаша айтқанда, біздің өзгелермен келіспеуге құқығымыз бар және бұл құқық – кез келген демократиялық ел үшін орнықты қағида.

Сонымен шекара қайда? Талқылап көрейік. Егер адам көрші елдің ұлттық тағамын жек көретінін айтса, бұл – өшпенділік тілі емес. Жай ғана бұл –адамның жеке пікірі. Алайда, адам ұлттық тағамды жек көретінін айтса және осы ұлт туралы жәбірлейтін стереотиптерді қолданса және зиян келтіруді ұсынса, бұл – өшпенділік тілі. Айырмашылығын сезесіз бе? Өшпенділік тілінің анықтамасы қандай?

Өшпенділік тілі — белгілі бір адамдар тобын гендерлік, ұлттық, нәсілдік, діни, әлеуметтік, таптық, мәдени және өзге де белгілері бойынша жек көруді, жәбірлеуді және кемсітуді білдіру. Сонымен бірге мұндағы критерий – жеккөрушілікті тудыратын риторика зорлық-зомбылыққа немесе басқа да заңсыз әрекеттерге әкеледі деп негізделген болжамдардың болуы.

Егер соттар басқа адамға тікелей қауіп төнгенін немесе басқаларды зорлық-зомбылыққа итермелегенін анықтаса, мұндай пікірлер заң бойынша қудаланады. Ол үшін сот психологиялық-филологиялық сараптама тағайындайды, дегенмен іс жүзінде психологтар мен саясаттанушылардың (лингвист емес) тұжырымдары жиі назарға алынады.

Осылайша, өз ойларыңызды еркін білдіру үшін жауап беруге және нақты мерзім алғыңыз келмесе, заңды бұзбауға дайын болуыңыз керек.

 

Дереккөздер:

1. EdEra,  Very Verified: Медиасауат бойынша онлайн-курс. https://www.youtube.com/watch?v=g6tUptlLE2k&list=RDCMUCBJx3fpN2SY9W9zY3e2R1RA&start_radio=1&t=0

2.  С. Сулайманова Д. Османова «БАҚ-тағы өшпенділік тілі: Гендерлік өлшем: оқу құралы. Ташкент.: Bactria press. 2020/ - 126б. және https://factcheck.kz/socium/statya-174-uk-rk-mozhno-li-popast-pod-sud-za-kommentarij-v-socsetyax/.

Сурет: www.stuff.co.nz

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.