Банан жеуге болмайды, 5G интернетті пайдаланбаңыз, әсілі үйден мүлдем шықпай-ақ қойыңыз және осы ақпаратты шұғыл таратыңыз! Дәл қазір Орталық Азияның ғана емес, тұтас әлемнің медиакеңістігі осындай кеңестерге лық толы.
Фейктер коронавирустық инфекция таралуының ажырамас серігі болды. Көп жағдайда жалған аккаунттар ғана емес, халық сенетін және БАҚ ақпаратын тексеруге жүгінетін билік өкілдері де фейктердің дереккөзі болып отыр.
Біз сіздерге коронавирус туралы ең танымал фейктерді іріктедік.
Сонымен, кеттік!
1 орын. Билл Гейтстің пандемияға қатысы, яғни адамдарға чип орнатып, оларға жаһандық бақылау жасау үшін вакцинаны қолдануға тырысатыны туралы қауесет. Microsoft корпорациясының негізін қалаушы әлемдегі адамдарды чиптейтін астыртын әрекетке қатысы туралы конспирологиялық теориялардың ақымақтық екенін, тіпті теріске шығаруға тұрмайтынын мәлімдеді. (Sputnik, 2020).
2 орын. Коронавирусты сарымсақ, бал, лимон және адыраспанмен емдеу туралы фейк. Мұндай материалдар мен сарапшылардың мәлімдемелері ОА елдерінде аталған тауарларға сұраныстың күрт өсуіне және бағаның қымбаттауына ықпал етті («Гурдофарид», 2020).
3 орын. Коронавирус – Қытай ғалымдары әзірлеген вирус. Ұзақ уақыт бойы вирус Қытайда жасалды деген жорамал резонанс тудырды. Алайда, оның мақсаттары туралы түсіндірмелер бір арнаға тоғыспады. Нұсқалардың біріне сүйенсек, ауру қытайлықтарға демографиялық дағдарысты жеңуге және халықтың тығыздығы мәселесін шешу үшін қажет болды (Интерфакс, 2020).
4 орын. 5G бағандары коронавирус таратады. Наурыз айының соңында британдық әлеуметтік желіде туындаған 5G желілерінің жұмысы адам иммунитетіне әсер етеді, салдарынан адамдар коронавирус инфекциясын жұқтырады деген теория қарқынды түрде таралып келеді (Сорока, 2020).
5 орын. Қауіпті банандар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер олар туралы үрейлі хабарламалар мен күмәнді таратылымдарға толды. Шын мәнінде банан, жемістер және көкөністер арқылы вирус жұқтыру жағдайлары тіркелмеген, өйткені өсімдіктер вирустармен ауырмайды (Ақылбекова, 2016).
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Гурдофарид» қоғамдық ұйымы (14 сәуір 2020 ж.). BRYCACentralAsia . 2020 жылы 24 шілдеде Facebook желісінен алынды: https://www.facebook.com/BRYCACentralAsia/posts/128591072115008/
Sputnik. (5 маусым 2020 ж.). Sputnik. 2020 жылы 24 шілдеде Sputnik сайтынан алынды: https://sptnkne.ws/Dffx
Ақылбекова, А. (6 желтоқсан 2016 ж.). Азаттық радиосы. 2020 жылы 24 шілдеде Азаттық радиосынан алынды: https://rus.azattyk.org/a/28158954.html
Интерфакс. (7 сәуір 2020 ж.). Топ-5 фейков о коронавирусе. 2020 жылы 24 шілдеде Интерфакс сайтынан алынды: https://www.interfax.ru/russia/703023
Сорока, А. (11 сәуір 2020 ж.). Би-би-си. 2020 жылы 24 шілдеде BBC News Русская служба сайтынан алынды: https://www.bbc.com/russian/features-52256074
Материал Еуропалық Одақтың қолдауымен BRYCA жобасы аясында әзірленді.