«Компьютер вирустары (computer viruses)» термині әдетте зиян бағдарламалардың барлық түріне қатысты қолданылады, бірақ бұл мүлдем дұрыс емес. Компьютер вирустарын қандай платформаларға бағытталғанына және қандай операциялық жүйелерге (Microsoft, Windows, Linux, т.б.) жазылғанына, жұқтыру объектілері (жүктеу, файл, скрипт) бойынша, қолданылатын технологиялары, бағдарламалау тілдері бойынша жіктеуге болады.
Вирустарды әрекет ету тәсіліне қарай да бөлуге болады:
Қайта жазатындар. Мұндай «инфекциялар» файл атауын ауыстырмай, бастапқы кодтың орнына өзін жазады. Нәтижесінде вирус жұққан қолданба жұмысын тоқтатады, оның орнына зиян бағдарлама орындалады.
Паразиттік. Бұл вирустар өз кодын орындалатын файлдың кез келген жеріне жазады. Вирус жұққан бағдарлама толық немесе ішінара жұмыс істейді.
Серіктес вирустар. Өздерін көшіргеннен кейін олар бастапқы файлдың атын өзгертеді немесе оның орнын ауыстырады. Нәтижесінде заңды бағдарлама жұмыс істейді, бірақ тек вирус кодын орындағаннан кейін ғана.
Топтық вирустар. Мұндай зиян код бағдарламалық жасақтама орналасқан жердің мекенжайын өзіне өзгертеді. Осылайша, ол операциялық жүйені басқа қолданбалардың кодында ешқандай өзгеріссіз іске қосуға мәжбүр етеді.
Деструктив вирустар. Бұған бағдарламаның бастапқы кодын немесе оның құрамдастарын өшіру үшін зақымдайтын зиян нысандарды жатқызуға болады.
Компьютерлік жүйелерге файл вирустарын жұқтырудың бірнеше негізгі жолы бар.
Ажырамалы тасымалдағыштар. Бұл алдын ала дайындалған дискеттер, оптикалық дискілер, USB-флешкалары болуы мүмкін. Бүгінде дискеттер танымал емес, бірақ қауіпті ақпаратты тасымалдаушылар қатарына ұялы телефондар мен смартфондар, цифрлық камералар, видеокамералар мен плеерлар қосылды.
Жергілікті желілер арқылы. Вирус файл серверіне енгеннен кейін басқа компьютерлерге тез таралады.
Дереккөз: https://www.anti-malware.ru/threats/computer-viruses