Виктимблеймиң. Бұл сөз оқулықтан алынған терминге ұқсағанымен, біздің қоғамға терең тамыр жайған құбылыс. Әлеуметтік желілердегі пікірлердің арасынан «Түнде не үшін далаға шыққан?», «Өзі итермелеген шығар?», «Тілінен тапқан шығар?», «Осынша жыл неге шыдап келген?», «Өзі кінәлі» деген сөздерді қаншалық жиі кездестіргенсіз?
Виктимблеймиң деген не?
Виктимблеймиң – болған жағдайға қылмысқа немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған құрбанды кінәлау. Бұл қылмыскерді айыптаудың орнына зорлыққа ұшыраған адамды кінәлау арқылы қылмыс жасаушыны ақтау.
Тарих
«Виктимблеймиң» термині Уильям Райанның «Құрбанды кінәлау» (Blaming the Victim) кітабының арқасында пайда болған. Райан қоғамның расизм және кедейлік құрбандарын, мысалы кедей аудандардағы афроамерикалықтарды сол жағдайға қалай кіналайтынын талдайды. Ол бұл құбылысты сынға алып, оны «құрбанды кіналау» деп атайды және бұл қоғамға жүйелі мәселелер үшін жауапкершіліктен қашуға мүмкіндік беретінін айтады.
Райанның кітабы жәбір көретін адамдарды өзінің жағдайына қалай кінәлайтынын көрсетіп, әлеуметтік психология мен сыни теорияға елеулі үлес қосты. Оның түйіндерін сексуалды зорлық құрбандарын кінәлау секілді басқа да виктимблеймиң формаларына да қолдануға болады.
Алайда виктимблеймиң мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Ол әртүрлі жағдайларда байқалады. Мысалы, мектептегі буллингтен бастап көшедегі тонау оқиғаларына дейін.
Қазіргі замандағы виктиблеймиң
Қылмыстар туралы хабар тарататын бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе, телешоулар рейтинг көтеру үшін зорлыққа және ауыр қылмысқа тап болған адамдардың әрекетін толық талдайды. Жеке өмірге қол сұқпаушылық талаптары бұзылып, жапа шеккен адамдардың фактілері, фотолары мен қауесеттер тарай бастайды.
Кейде сот тергеулері кезінде де құрбанның «виктимдік әрекеті» назарға алынады. Мұның астарында құрбанның қоғам қауіпті, дұрыс емес, аморальды немесе алдын ала қарастырылмаған деп санайтын сөздері, әрекетті, әрекетсіздігі мен қылықтары меңзелген.
Виктимблеймиң тұрмыстық даудан бастап сот тергеулеріне дейінгі өмірдің барлық саласында кездеседі. Әсіресе, жыныстық қол сұқпаушылыққа қарсы қылмыс құрбандарына қатысты виктимблеймиң жиі болып тұрады. Орталық Азияда, мысалы, виктимблеймиң көбіне құрбанның киіміне немесе әрекеттеріне қатысты айтылады.
Виктимблеймиң себептері
Бір жағынан, бұл психологиялық аспект: адамдар өз өмірін бақылап жатқандай көретін иллюзияны қолдау үшін оқиғаның себебін құрбанның әрекетінен іздейді. Екінші жағынан, әлеуметтік және мәдени факторлар да маңызды рөл атқарады: біз өмір сүретін қоғам мен мәдениет құрбандарға деген қатынасымыз бен көзқарасымызға ықпал ететін стереотиптердің қалыптасуына ықпал етеді.
Орталық Азия елдерінде виктимблеймиңге ықпал ететін біршама стереотип пен мәдени ұстанымдар бар:
Отбасылық рөлдер мен патриархалды нормалар туралы гендерлік стереотиптер
«Жаман қылық жасағаны үшін келін емес, оның ата-анасы кінәлі», «Келінді бастан», «Келін жаңа отбасыға судай сіңіп, тастай батуы керек», «Келін өзін емес, күйеуінің туыстарын бақытты қылу үшін тұрмысқа шығады», «Ағайын араз болса, абысын кінәлі» деген сияқты дәстүрлі сөздер тұрмысқа шыққаннан бастап әйелді объективтендіреді және отбасындағы мәселелердің барлығы үшін жауапкершілікті соған артады.
Аймақта әйелдің рөлі туралы патриархалды ұстанымдар да терең бекіген.
- Әйел жақсы жар, жақсы ана болып, шаруашылықпен, бала тәрбиесімен айналысуы керек, ал оның мансабы мен өзін дамытуы айтарлықтай маңызды емес.
- Әйел көзге түспеуі керек, себебі оның сыртқы келбеті мен әрекеті зорлыққа «итермелеуі мүмкін».
- Әйел күйеуінің меншігі секілді қабылданады — алдымен ол әкесінің, кейін күйеуінің меншігі саналады, оның пікірі мен қалауы ескерілмейді, ол отағасына бағынуы керек.
- Қоғамда да әйелге бағынушы рөл берілген. Ол ерлердің ісіне араласпауы немесе басшылық қызметтерге отырмауы керек.
- Тұрмыстық зорлық-зомбылық болса, қоғам әйелді кінәлайды, ол отбасын сақтауы үшін шыдауы керек деп санайды және құрбандар көбіне қолдау таппайды.
Сексуалды зорлыққа ұшырағандар киімі немесе әрекеті үшін сол жағдайға өзі кінәлі деген де ой кең тараған. Олардың моральды сипаты мен сексуалды өмірі де сынға көп ұшырайды.
Әйелдің физикалық әлсіздігі туралы стереотиптер
Қыздардың физикалық әлсіздігі зорлықты ақтайды деген пікір кең тараған. Сауалнамаларға сәйкес, Өзбекстан халқының едәуір бөлігі қыздар әлсіз болғаны үшін зорлыққа ұшырағанына өзі кінәлі, олар өзін қорғай алуы керек дейді. Құрбанды қарсылық көрсетпеді деп айыптайтындар да бар.
Виктимблеймиңге әсер ететін әлеуметтік орта факторлары
- Әділетті әлем гипотезасы
Әлем әділетті және жақсы адамдар жақсы жағдайларға, жаман адамдар жаман жағдайға тап болады дегенге сенетін адамдар көбіне құрбандарды кінәлауға бейім келеді. Бұл оларға әлемнің әділетті екеніне сенуге, жауапкершілікті құрбанның өзіне ысырып қоюға мүмкіндік береді.
- Атрибуция қатесі
Адамдар жеке қасиеттерді асыра бағалап, құрбанның «ішкі кемшіліктерін» көрген соң, ситуациялық жағдайды жете бағаламайды.
- Мықтылық теориясы
Құрбанды кінәлау адамдарды ондай жағдайға тап болмайтынына сендіріп, өзін әлсіз сезінбеуге көмектеседі.
- Зорлау мәдениеті
Сексуалды зорлық кең тараған ортада ол қалыпты саналып, виктимблеймиңге ықпал етеді. Ол зорлықшыға кінәні құрбанға артып, жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік береді.
- Ақпараттың жетіспеуі
Қылмыс пен жарақат табиғаты туралы, сонымен қатар құрбандардың реакциясы туралы ақпараттың жетіспеушілігі дұрыс ой түймеуге және жапа шеккен адамды кінәлауға алып келеді.
Виктимблеймиң салдары
Виктимблеймиңтің ауыр салдары болуы мүмкін мынандай себептері бар:
- «Шыдауға» және отбасын сақтап қалуға басымдық беретін дәстүрлі құндылықтар;
- Күйеулерге экономикалық тәуелділік және қоғам қысымы.
Көп жағдайда әйелдер зорлыққа ұшырағанда олардың баратын жері мен қаражаты болмайды. Олар қаржылық тұрғыда әлсіз және күйеулері мен туыстарына тәуелді. Отбасылардың әйелді қайта қабылдауға бара бермеуін ішінара осымен түсіндіруге болады.
Өзін кінәлайтынынан қауіптенген әйелдердің көбі зорлық-зомбылық туралы хабарламайды.
Виктимблеймиң жәбірленушінің психикалық денсаулығына кері әсер етіп, өзін кінәлау және ұят сезімін күшейтеді. Бұдан бөлек құрбан мен қылмыскер үшін әлеуметтік және құқықтық салдарына да, қоғамдық пікір мен мәдениеттің қалыптасуына да ықпал етеді.
Виктимблеймиңнің алдын алу үшін не істеу керек?
Мына аксиомаларды үнемі есте сақтау керек:
- Құрбан ештеңеге кінәлі емес.
- Зорлықты зорлықшы жасайды. Оны ештеңемен ақтау мүмкін емес.
- Үнемі зорлық жасаушы кінәлі.
- Зорлықшының мәселені адекват жолмен шешу немесе зорлық жасау таңдауы үнемі болады, бірақ ол жәбір көрсетуді таңдайды.
- Зорлық жазалануы керек, ал құрбан қолдауды қажет етеді.
Виктимблеймиңпен күреске қалай үлес қоса аласың?
- Зорлық құрбандарын кінәламау. «Өзі кінәлі», «Тілінен тапты», «Не ойлаған?» деген сияқты сөздерден аулақ бол. Құрбан ешқашан кінәлі емес, зорлықты жасаған адам ғана кінәлі.
- Құрбандарға қолдау көрсету. Жәбір көргендерді олар кінәлі емес деген пікірді қолдайтын және дұрыс жолмен қолдау білдіре алатын адамдар қоршауы керек. Бұл кінәлаудан басым түсіп, қайта жанын жараламау үшін қажет.
- БАҚ-тағы виктимблеймиңге қарсы тұру. Рейтинг үшін құрбанның әрекетін талдайтын телешоу, мақалалар мен телебағдарламалардағы виктимблеймиң жағдайларына үнемі назар аударып жүр. Оларға шағым мен наразылық хаттарын жаз.
- Айналаңдағыларды ақпараттандыр. Достарыңа, таныстарыңа виктимблеймиң, оның себептері мен салдары туралы айтып жүр. Зорлық көрген адамдарды кінәлаудың неліктен қате және қауіпті екенін түсіндір.
- Өзіңнің ұстанымдарыңды қарастырып отыр. Зорлық оқиғалары туралы өз ойларыңды және реакцияңды талда, құрбанды кіналаудан және әділетті әлемге сенуден аулақ бол.
Виктимблеймиңпен күрес зорлықты ештеңемен ақтауға болмайтынын түсінген кезде басталады, ал құрбандарды кінәлау мәселенің шешімі емес. Сондықтан да біз "Stop Harassment" ойынын жасадық. Ол осындай сипаттағы зорлық-зомбылыққа тап болған қыздар мен әйелдердің қандай сезімде болатынын жақсырақ түсінуге көмектеседі.
“Менің ісім” ойынында да өз мақсаттарына жетіп, армандарын іске асыру үшін осал топ өкілдерінің, әйелдер мен қыздардың қандай мәселелерге тап болатынын біле аласың.
Бұл ойындар арқылы виктимблеймиң туралы толық ақпарат алып, осы тақырыпты жақсы түсініп, оларды кінәлаудың орнына құрбандарды қолдауды үйрене аласыз.
Виктимблеймиңті бірге тоқтатайық!