«Бот» («робот» деген сөзден қысқарған) – алдын ала қайталанатындай етіп жасалған тапсырмаларды автоматты түрде орындайтын бағдарлама. Боттар әрекетті әдетте қолданушы әрекетіне ұқсатып орындайды немесе оны алмастырады.
«Жақсы» боттар пайдалы тапсырмаларды орындайды, ал «жаман» немесе зиян боттарды кез келген көлемдегі уеб-сайттарды бұзу, спам жіберу, тыңшылық жасау, желідегі әрекетті үзу және бұзу үшін пайдалануға болады.
Зиян боттардың түрлері:
Спам-боттар байланыс беттерінен немесе қонақ кітапшаларынан электрон пошта мекенжайларын жинай алады. Бұған қоса, олар белгілі бір сайттарға трафикті тарту үшін форумдарда немесе комментариде жарнама контентін жариялай алады.
Зиян чат боттары шынайы адамдар сияқты қарым-қатынас жасай отырып, өзін шынайы адамдарша ұстайды. Көбінесе олардың құрбаны – жеке ақпаратты, соның ішінде несие карталары нөмірін алуды мақсат ететін зиян бағдарламамен байланысып жатқанын түсінбейтін қолданушылар.
Файл алмасуға арналған боттар қолданушыдан сұрау алып (мысалы, танымал фильм немесе музыкалық альбом), жауап ретінде олар жүктеп алуға болатын файл бар екенін көрсетіп, сілтеме береді. Қолданушы сілтемені басып, оны жүктеп алып, ашады, солайша білместіктен компьютеріне вирус жұқтырады.
Тіркелу дерегін толтыру - мұндай боттар қолданушының тіркелу дерегіне рұқсатсыз кіру үшін кіру беттеріне белгілі қолданушы аттары мен құпия сөзін (әдетте деректерді бұзу нәтижесінде алынған) енгізеді.
DoS және DDoS боттары – мұнда боттардың шамадан тыс трафигі сервер ресурстарына шамадан тыс жүктеме артып, қызметтерді тоқтату үшін арнайы пайдаланылады.
Интернет-дүкенге шабуылдар интернет-дүкендерге бағытталған; олардың мақсаты – тауарларды қоймада жоқ деп көрсету. Шабуылдың бұл түрінде зиян боттар қоржынға қол жеткізеді, интернет-дүкендегі өнімдерді таңдап, сатып алуды аяқтамай оларды себетке қосады. Нәтижесінде, шын қолданушы тауарды сатып алғысы келгенде, зат шын мәнінде бар болғанымен, тауардың қоймада жоқ екені туралы хабарлама шығады.
Осалдықтарды іздеу – бұл типке жататын боттар миллиондаған сайтты тексеріп, осал тұсын анықтайды да, ол туралы хабарлайды. Уеб-сайттың иесін хабардар ететін «адал» боттардан айырмашылығы, зиян боттар тапқан осал тұс туралы әзірлеушіге хабарлайды, содан кейін бот оны сатады немесе бұзу үшін пайдаланады.
Клик жинау боттары алаяқтық мақсаттағы ақылы жарнамаларға бағытталған зиян трафиктің үлкен көлемін жасайды. Ақылы жарнамаларға арналған мұндай жалған шерту трафигі жарнама берушілерге жыл сайын миллиардтаған доллар шығын әкеледі, өйткені ол өзін көбіне заңды трафик ретінде жасыра алады.
Трафикті бақылау – бұл боттар пошта серверлерін шамадан тыс жүктеу мен ауқымды деректерді ұрлау үшін қолданылады.
Дереккөз: «Что такое боты – определение и описание» Мына жерден алынды: https://www.kaspersky.ru/resource-center/definitions/what-are-bots