Объективтен тыс: Фотосуреттегі құпиялық және қоғамдық орындарда суретке түсу ережесі
18.04.2024 • 14:25Фотография уақыттың кейбір сәттерін сақтап қалуға және эмоцияны көрсетуге мүмкіндік беретін таптырмас құрал. Десе де, фото мен жалпыға қолжетімді ақпарат легі көп заманда қоғамдық орындардағы құпиялықты құрметтеу және суретке түсіру ережелерін сақтау мәселесі туындайды. Шығармашылық пен басқа адамдардың жеке өмірі арасындағы шекара қай жерде жатқанын қарастырып көрсек.
Қоғамдық орындарда суретке түсу ережелері:
- Заңды ұстану: Фотоға түсірмес бұрын, сол жердің немесе елдің қоғамдық орындарда фотоға түсу ережелерімен танысқан жөн. Кей жерлерде шектеулер болса, кейбірінде рұқсатсыз фотоға түсірмеу керек деген ереже бар болуы мүмкін.
- Жеке өмірге құрметпен қарау: Фотоға түсіру кезінде адамдардың жеке өмірге және құпиялыққа құқығы бар екенін естен шығармаған маңызды. Кей жағдайлар мен орындарда адамдардың келісімінсіз фотоға түсіру олардың құқығын бұзуы мүмкін.
- Рұқсат сұрау: Нақты бір адам немесе адамдар тобын түсіргіңіз келсе, оларды фотоға түсіргелі жатқаныңызды ашық айтып, сыпайы рұқсат сұраған жөн. Бұл олардың жеке өмірі мен құпиялықты сақтауға деген ойына деген құрметті білдіреді.
- Адамдардың ығырын шығармау: Егер біреу фотоға түскісі келмесе, оның қалауына құрметпен қарап, фотоға түсірмеген жөн. Бұл адамдарға ғана емес, үй немесе жекеменшік жерлер сияқты кеңістіктерге де қатысы бар ереже.
Құпиялық және фотоға түсіру этикасы
Әр смартфонның камерасы бар және фото алмасу әдетке айналып кеткен әлемде құпиялық және фотоға түсіру этикасы туралы ойланған жөн. Фото – бұл тек уақыт немесе эмоцияны сақтаудың ғана емес, басқа адамдардың жеке өмірі мен құқықтарына құрмет танытуды қажет ететін құрал.
Фотографтар тап болатын негізгі проблемалар – құпиялықты сақтау. Адамдардың жеке өмірін қорғауға құқығы бар. Субъектінің рұқсатынсыз суретті жариялау олардың құқығын бұзып, жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін. Сондықтан, фотоға түсіп жатқан адамдар суреттің басқа жерлерде қолданылатынын түсінетініне және соған келісетініне көз жеткізіңіз. Фотоға түсіру кезінде этика принциптерін ұстану және басқаларға құрметпен қарау — осы өнерді жауапкершілікпен қолданудың жазылмаған заңы.
Шығармашылық еркіндік пен басқа адамдардың жеке өміріне құрметпен қараудың арасында баланс сақтау — фотографқа әлемді гармония мен сыйластыққа толы етуге көмектесетін маңызды аспект.
Дереккөз: https://msavod.uz/