Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Зомби-фейктер

30.07.2020 • 06:22

Адам жаңалықты, фактілерді немесе өзге де кез келген ақпаратты әдейі өзгерткенде фейк пайда болады. Фейктер мәтін, видео, фото, аудиофейк сынды әртүрлі формада болуы мүмкін (Factcheck.kz, 2019).

Ал Интернет пен басқа медиаларда қайтадан пайда болатын ұмытылған фейктердің зомби-фейктер деп аталатынын білесіз бе? (Factcheck.kz, 2019).

Мұндай фейктер кез келген жерден шығуы мүмкін немесе белгілі бір күнге, оқиғаға немесе жаңа проблемаға байланысты болуы ықтимал. Олар мессенджерлерде белсенді түрде жіберіліп, кенеттен атышулы ақпарат бола алады.

Мысалы, әлемдегі танымал зомби-фейктердің бірі – өлімге әкеп соғатын қауіпті парацетамол туралы хабарлама болды. Бұл фейк 2015 жылдан бастап оқтын-оқтын мазалап тұрады – біресе дәріден улы сым табылды дейді, енді бірде – құрамында «Мачупо» вирусы бар дейді. Осы жылдың басында мұндай фейк Орталық Азиядағы Whatsapp желісінде де танымал болды. BRYCA жобасының серіктестерінің бірі, Қазақстандағы MediaNet халықаралық журналистика орталығы қайта-қайта оралатын зомби-фейктердің топтамасын жасады. Бұл топтамаға Ремарк пен Хайям айтты дейтін фейк-дәйексөздер, тұтас біріккен қасы бар ойдан шығарылған ирандық ханшайым, жас Ангела Меркельдің (Германия премьер-министрі) және Тереза Мэйдің (Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі) жалған фотолары және тағы да басқалары енген (Factcheck.kz, 2018).

Пайдаланылған дереккөздер:

Factcheck.kz, 2019. Фактчекер сөздігі, 2020 ж. 28 шілдеде алынды  https://factcheck.kz/glavnoe/slovar-faktchekera/

Factcheck.kz, 2018. Зомби-фейктер: иногда они возвращаются, 2020 ж. 28 шілдеде алынды  https://factcheck.kz/sluxi/zombi-fejki-inogda-oni-vozvrashchayutsya/

Материал Еуропалық Одақтың қолдауымен BRYCA жобасы аясында әзірленді.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.