Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстанда 25 ЖОО лицензиясынан айырылды

24.09.2020 • 10:42

ҚР БҒМ Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті тексеру жүргізген соң, Қазақстанның 25 университетін 60 лицензиядан айырды. Студенттер басқа бағыттарға немесе басқа университеттерге ауыстырылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, бұзушылықтардың басым бөлігі талапкерлерді қабылдау, біліктілікті арттыру және профессорлық-оқытушылық құрамды конкурстық ауыстыру, педагогикалық жүктемені жоспарлау, студенттерді қорытынды аттестаттау және диплом бланкілерін есепке алу кезінде болған, деп хабарлайды Liter.kz.

«Біз жоғары оқу орындарын дайындық сапасы төмен, жабдықтары жеткіліксіз және т.б. мамандықтары бойынша лицензиядан айырамыз. Мәселен, педагогикалық университет тиісті базасы мен қажетті дайындық сапасын қамтамасыз етпей инженерлерді шығаратын болса немесе техникалық университет музыканттарды дайындаса, лицензиясын алу мәселесін қарастырамыз», - деді білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Бұл тізімге педагогикалық, гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік ғылымдар және өнер мен қызмет көрсету салаларындағы 60 мамандығы кірді, деп жазды Kursiv.kz.

Бұған дейін ҚР БҒМ 30 жоғары оқу орнына мемлекеттік білім беру тапсырысы берілмегенін хабарлаған еді, яғни енді бұл ЖОО-лар талапкерлерді грантқа қабылдай алмайды. Алайда, онда тегін оқып жатқандар оқуын жалғастырады.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.