Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Сауалнама: Қазақстандықтардың 43%-ы қашықтан оқуға қарсы

14.10.2020 • 16:51

Халық арасында қызу талқыланған, көпшілікті алаңдатқан мәселелердің бірі – қашықтан оқыту жайы. DEMOSCOPE бюросы жүргізген сауалнама қорытындысынан халықтың онлайн-оқыту жайлы пікірінің әртүрлі екенін көруге болады. Коронавирустың жаппай таралуына жол бермес үшін амалсыздан жасалған шара екенін түсінген халық биліктен нәтижелі жұмыстар күтеді.

Респонденттердің көпшілігі, нақтырақ айтсақ 43%-ы, қашықтан оқуға түпкілікті қарсы. 38% түсіністікпен қарайды, алайда жаңа оқу жылына билік жақсырақ дайындалуы керек еді дейді. Онлайн форматты қажетті шара деп қабылдап, бірауыздан қолдайтындар – 16%.

Сауалнама деректеріне сәйкес, азаматтардың басым көпшілігі онлайн-оқытудың тиімділігін «орташадан төмен» (42%) және «орташа» (41%) деп бағалайды. 12% қатысушы  «өте жоғары» деп баға берді.

 

DEMOSCOPE дерегіне сәйкес, қатысушылардың үштен бір бөлігі (30%) қашықтан оқытудың басты кемшілігі – балалар, мұғалімдер және ата-аналар үшін стресс деп санайды. 28% техникалық қиындықтар мен интернет жылдамдығының төмендігі оқуға кедергі келтіреді деп жауап берді. Облыстар бойынша сараласақ, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарында (сәйкесінше 44%, 39% және 40%) техникалық қиындықтар және интернетке байланысты мәселер көп болған.

19% респондентің пікірінше, онлайн-оқытудың басты кемшілігі – білім сапасының төмендігі. 9% оқушылардың көбінде компьютердің жоқтығын қашықтан оқытудың басты кемшілігі деп санайды. 

Онлайн-оқытудың ең маңызды факторларының бірі – интернетке қосылу сапасы.  DEMOSCOPE зерттеуінің нәтижелері көрсеткендей, сауалнамаға қатысқан азаматтардың жартысы (49%) үйіндегі интернеттің сапасын «орташа, кейде қиындықтар туындайды» деді. Төрттен бірінде (25%) интернет сапасы нашар, жалпы  олар тұратын аймақта интернетке қосылу қиын екен.

 

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Қазақстанда қашықтан оқыту» тақырыбында сауалнама жүргізді. Оған 2020 жылы 6-9 қазан аралығында 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) тұратын, 18 жастан асқан 1100 адам қатысты. Қатысушылардың 25%-ы ер азаматтар, 75%-ы әйелдер. Зерттеуде Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмерлерінің абоненттік қоры пайдаланылды. Іріктеу ықтималдығы 95%, статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 3%-дан аспайды.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.