Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Америкалық TIME журналы алғаш рет «Жыл баласын» таңдады

04.12.2020 • 15:11

15 жасар жоғары технологиялар саласы зерттеушісі Гитанжали Рао TIME нұсқасы бойынша «Жыл баласы» атағын жеңіп алды. Бұл номинация бірінші рет пайда болды.

Жыл сайын «Жыл адамын» таңдайтын америкалық TIME журналы 2020 жылы «Жыл баласы» деген жаңа санат жасады, оны Гитанджали Рао деген америкалық қыз жеңіп алды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости порталына сілтеме жасап.

2020 жылы журнал Nickelodeon каналымен бірігіп, «Жыл баласы» санатындағы АҚШ-тың 8-16 жас аралығындағы 5000 бала арасынан Раоны таңдап алды, басылым оны «Американың ең жас буынының қалыптасып келе жатқан көшбасшыларын бағалау барометрі» болуы керек деп санайды.

«Кейінгі 92 жылда Time журналы жыл адамын таңдап келеді. 2019 жылы 16 жастағы Грета Тунберг ең жас «Жыл адамы» және 25 жастан кіші алғашқы жеңімпаз болды. Кейінгі жылдары әлемді өзгертіп жатқан жастардың басқа қозғалыстары аясындағы оның климаттың өзгеруіне қарсы күресі қазіргі кезде жастардың ықпалы үлкен екенін және олар осы ықпалды өздерінің көзқарасына сәйкес әлемді қалыптастыру үшін қолданатынын анық көрсетеді», - деп жазады журнал редакциясы.

Арнайы құрылған комиссия биыл бес финалисті іріктеп алды. Бұл балалар «дағдарысқа ұшырағандарға тамақ өсірді, мүгедектігі бар балаларға арнап ойыншық жасап, нәсілдік әділеттілік туралы айта бастады» деп жазады басылым.

Дегенмен комиссияны Раоның жетістіктері көбірек таңдандырды: «Рао жасанды интеллект және көміртекті нанотүтіктің сенсор технологиялары сияқты ғылыми құралдарды зерттеп қана қоймай, оларды интернетте қудалау және судың ластануы сияқты күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуге қолданады».

Финалға шыққан бес қатысушының әрқайсы Nickelodeon иесі Viacom компаниясының ақшалай сыйлығына ие болады.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.