
#CancelBorat немесе күл: Қазақстанда "Борат" фильмінің жалғасуы туралы жаңалық қалай қабылданғаны жайында
07.10.2020 • 19:08Фильм сквелі жарияланғаннан кейін "Борат-2" бірден мысқылдау мен Қазақстан мәдениетін насихаттауды мақұлдаудан бастап, көрсетілімдерге тыйым салуға дейінгі қазақстандықтардың әртүрлі реакциясына тап болды.
2020 жылы 23 қазанда Amazon Prime интернет-платформасында "Борат: жақында әлсіреген Қазақстан ұлтының игілігі үшін қол ұшын соза алатын вице-премьер Михаил Пенске арналған порнографиялық маймыл түріндегі сыйлық" фильмінің премьерасы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Борат-2" фильмінің сюжеті бойынша, Қазақстанға танымал журналист Борат Сагдиев қайтадан АҚШ-қа тап болады. Онда президент сайлауы қарсаңында елдің саяси өмірін зерттеп, адамдарға тыныштық бермейді, коронавирус пандемиясымен таба арқылы күреседі және демократтардың қарсыластарымен байланысады.
Қазақстанның әлеуметтік желі қолданушылары негізінен екі түрлі көзқараста: біреулері фильм қазақстандықтарды масқаралайды, сондықтан оған бойкот жариялау керек деп санайды, ал басқалары "Борат 2" тек күлуге арналған комедия екенін айтады, - деп хабарлайды The Village Kazakhstan.
#CancelBorat петициясы қазірдің өзінде 103 мыңнан астам қол жинады, оның сипаттамасында былай делінген: "Бұл фильм нақты адамдар өмір сүретін нақты елді мазақ етеді. Шетелдіктерге фильмнің әзіл екенін түсіндіруге тура келеді. Бірақ бұл қалжыңнан гөрі елге және адамдарға деген құрметсіздікке көбірек ұқсайды". Пікірі осыған ұқсас адамдар Қазақстанда басқа да назар аударатын проблемалардың бар екенін айтады.
2006 жылы шыққан алғашқы "Боратты" Қазақстанда көрсетуге тыйым салынды. Дегенмен Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі Liter.kz порталына комедия прокатқа республикадағы кинотеатрларда емес, интернет-порталдарда болса, оған тыйым сала алмайтынын хабарлады .