
Қазақстандағы жекеменшік және мемлекеттік университеттер лицензиясынан айырылып жатыр
23.02.2021 • 12:50«Дипломды басып шығаратын фабрикалардың» жабылу» себебі елдің қауіпсіздігі екені айтылды.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов ЖОО-лардың бас лицензиясынан айырылуы туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Kursiv.kz.
Ол министрлік сапасыз білім беріп жатқан оқу орындарын жауып жатқанын айтып өтті. Әңгіме тек жекеменшік жоғары оқу орындары туралы ғана болып тұрған жоқ, мемлекеттік университеттер де белгілі бір бағыттар бойынша лицензиядан айырылып жатыр.
Дәуленов университеттерді толығымен жаппай, оқу орындарын бас лицензиядан айырмай, оқытудың жекелеген бағыттары бойынша лицензиясы қайтарылатынын айтты. Бұл жеке университеттер туралы ғана емес, мемлекеттік университеттер де белгілі бір салалардағы лицензиясынан айырылып жатыр.
Мирас Дәуленов қоғам әлсіз университететтердің жабылу себебін білуге тиіс деп санап, постты қоғамға арнады.
«Қазақстандықтар «диплом басып шығаратын фабрикалар» жабылуы елдің және әр азаматтың қауіпсіздігі мәселесі екенін түсінуі керек. Түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі жоғары және жұмыс берушілер мойындаған мықты университеттерді ешкім жаппайды. Біз оларға жағдай жасай отырып, оларды қолдаймыз», - деді Дәуленов.
Вице-министр білім беру мәселесіне келгенде көз жұмуға болмайтын бірнеше мысал келтірді. Мысалы, ол студенттер күндізгі бөлімде оқитын, бірақ сабаққа қатыспайтын, емтихан тапсырмайтын университеттер туралы айтты. Олар оқымайды, бірақ жай ғана диплом алу үшін университет студенті қатарында тұр. Университет бұған көз жұма қарайды, мұндай студенттерден сабаққа қатысып, емтихан тапсыруды емес, тек ақы төлеуді талап етеді.
«Нәтижесінде қандай мамандар пайда болатыны анық. Ертең олар біздің баламызға сабақ береді, сот төрелігін жүзеге асырады, үйлер салып, жобалайды, азаматтарымызды емдейді», - деді Дәуленов.