
Көру қабілеті нашар адам Google қосымшасы арқылы марафондарға өз бетінше қатыса алады
27.11.2020 • 05:36Project Guideline қосымшасы жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді және жүгірген кезде дыбыстық нұсқаулар жібереді.
Google көру қабілеті нашар адамдарға басқа адамның немесе жетектеуші иттің жәрдемінсіз жүгіруге және марафонға өз бетінше қатысуға көмектесетін жасанды интеллект жүйесін сынақтан өткізіп жатыр. Жоба қазіргі уақытта дамудың бастапқы кезеңінде, деп хабарлайды The Steppe сайты Engadget блогына сілтеме жасап.
Бағдарламаны пайдалану үшін Android платформасындағы телефонды белдегі белбеуге байлап қою керек. Бағдарлама жолдағы кедергілерді тану үшін камераны пайдаланады. Жүгіру кезінде қосымша құлаққапқа дыбыстық сигналдар жіберіледі. Жүгіруші маршруттан алыстаған сайын, белгілі бір құлаққаптағы дыбыс соғұрлым күшейеді.
Қосымша интернет байланысынсыз және кез келген ауа райы мен жарықта жұмыс істей алады. Қазіргі уақытта Google-дың көру қабілеті нашар адамдар өмірін жеңілдететін қызметтері бар, олар: Google Lookout және Google maps.
Өнертабыс туралы толығырақ Guiding Eyes for the Blind бас директоры және президенті, нағыз желаяқТомас Панектің сұқбатынан білуге болады. Ол басқа ұйымдармен бірігіп, қосымшаны қолдану нұсқаулығы курстарын ашқысы келеді. Сұқбатты мына жерден көруге болады (ағылшынша, аударманы параметрін реттеу арқылы).