Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 02-09.08.2021 ж.

10.08.2021 • 16:28

Қымбатты дос!

Мен де, отбасым да коронавирус жұқтырып алдық. Сол себепті саған дайджесті уақтылы ұсыны алмадым. Кешірім өтінем!

Өзім ауырғанда біздегі ең құнды нәрсе денсаулық екенін түсіндім, сондықтан өздеріңді бағалап, жақындарыңды сақтаңдар! Әлеуметтік қашықтық ұстап, маска тағыңдар. Оған қоса, қолды сабындап жууды немесе антисептик себуді ұмытаңдар.

Ал қазір өткен аптада біздің және Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік.

 

Білім

Қазақстан мектептерінің бірінші класс оқушылары қайтадан "Букварь" мен "Әліппе" бойынша оқиды. Олар жаңа оқулықты 1 қыркүйекке қарай алады. Кітаптарға 60 мектепте сараптама жасалып, сынақтан өткен. "Әліппе" мен "Букварь" мазмұны бойынша бірдей. Олар арқылы оқушылар оқу мен жазуды үйреніп қана қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін таниды. "Әліппе" әйгілі ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі - "оңайдан күрделіге" принципі бойынша әзірленген. Балалар әуелі дыбысты, әріпті үйренеді, сосын буын мен сөзге көшеді. Оқулықтардағы әр сабақтың QR-коды бар. Қолданба арқылы сабақтың аудио- және видеоформатын қосуға болады. Толығырақ.

Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі ұзақ жыл бойы қоғамда қарама-қайшы көзқарастар мен ата-аналар наразылығын туғызған мектеп жарнасы мәселесін шешу үшін жұмыс тобын құрады. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметі хабарлады. Оның айтуынша, жұмыс тобы құрамына министрлік қызметкерлері, ата-аналар мен азаматтық қоғам өкілдері кіреді. Жұмыс тобы құқық, қаржы, әлеумет және басқа да аспектілерді мұқият зерттеп, бұл мәселені шешу жолдарын ұсынады. Толығырақ.

Алдағы оқу жылында орта білім беру мекемелерінде мектеп формасы міндетті болмайды, деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-парақшасында. Оқушылар сабаққа классикалық киіммен қатыса алады. Министрліктегі шешім қазіргі карантин шектеулері және пандемия кезінде сауда орталықтарында кезек пен дүрлікпе тудырғысы келмеуі, елдегі экономикалық қиындықтар себебінен деп түсіндірілді. Кей отбасы бюджетіне форма сатып алу ауыр болуы мүмкін. Толығырақ.

Қырғызстандық мектеп оқушысы жасөспірімдер арасындағы Балқан математика олимпиадасында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.

19 тамызға дейін қырғызстандықтар академик Костомаров атындағы жастардың гуманитар зерттеулері мен жоба бастамаларын грант арқылы қолдау конкурсына өтініш бере алады. Бұл туралы Мемлекеттік орыс тілі институты хабарлады. Институт хабарлауынша, 10 үздік жобаның әрқайсы 50 мың рубль мөлшеріндегі грант алады. Жеңімпаз авторлар Мәскеуге жобасын ұсынуға және 2021 жылдың желтоқсанында марапаттау рәсіміне шақырылады. Толығырақ.

Душанбеде Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб шешімі бойынша вакцина алмаған қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа жіберілмейді. Сондай-ақ, кейбір елордалық жоғары оқу орны вакцинация сертификаты жоқ оқуға түсуге тапсыратын талапкерлердің құжатын қабылдамайды. Толығырақ.

Тәжікстанда елдің жоғары және орта оқу орындарына түсу емтихандары аяқталды. Үміткерлердің көпшілігі келісімшарттық оқу түрін таңдайды, өйткені бюджет бөліміне үздіктер мен жеңілдігі бар адамдар түседі, ал орын саны шектеулі. Осы ведомство баспасөз мәслихатында жарияланған Ұлттық тестілеу орталығы мәліметтерін қолдана отырып, біз жаңа оқу жылында сұранысқа ие және танымал емес мамандықтар рейтингін құрастырдық. Толығырақ.

Температурасы бар және коронавирус жұқтырған өзбекстандықтар үшін екінші емтихан ұйымдастырылады. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қырғызстан президентін 29 шілдеде екінші рет дауыс беру арқылы қабылданған «Жалған және сенімді емес ақпараттан қорғау туралы» Жогорку Кенеш депутаты Гүлшат Асылбаева заңының келісілген нұсқасына вето қоюға шақырады. Толығырақ.

Түркіменстан Сирия мен Эритреямен бірге британдық «Article 19» ұйымы жариялаған сөз бостандығының әлемдік рейтингінде соңғы орын алды. Толығырақ.

  

Әлеумет

Еуропалық Одақ Қазақстандағы құрғақшылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін гуманитарлық қаржыландыру ретінде 200 мың еуро (100 миллион теңгеден астам) бөледі, деп хабарлайды ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігі. Толығырақ.

Қазақстанда 19 миллионыншы тұрғын тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды. Толығырақ.

Өзбек еңбек мигранттары мемлекеттен қандай қаржы көмегін алады? Толығырақ.

 

Экология

Душанбеде климаттың өзгеруі бойынша IV Орталық Азия конференциясы өтті. Оның негізгі идеясы - орташа азиялық температураның 1,5°C-тан көтерілуіне жол бермеу үшін Орталық Азия елдері күш-жігерін біріктіру. ОА елдері 2021 жылы қарашада Глазго қаласында өтетін БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздік конвенциясына қатысушылардың 26-шы конференциясына дайындалып жатыр. Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы (ОААЭО) Орталық Азия елдерінің аймақтық павильонын ұсынады. Сонымен қатар, ұлттық деңгейде де, аймақ елдеріндегі кейбір объект деңгейінде де, бейімделуді жоспарлаудың негізгі шаралары бойынша да климат қаупі мен осалдық бағалауы дайындалады. Толығырақ.

Орталық Азия: құрғақшылық жалғасып жатыр, қоғамдағы жағдай шиеленісіп отыр. Неге? Мына жерден оқыңыз.

 

Жалған ақпарат

Ұшақтардың COVID-19 инфекциясын «шашып жатқаны» туралы жалған видео авторына 3 миллион теңге айыппұл салынады. Көп тараған кадрларда ұшақтар мен жанында «коронавирус бар» цистерна көрсетілген. Шын мәнінде, олай емес. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.