Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 03-11.05.2021 ж.

14.05.2021 • 12:02

Қымбатты дос!

Өткен мейрам құтты болсын!

Назарыңа Орталық Азия елдеріндегі өткен аптадағы жаңалықтар дайджесін ұсынамын.

 

Білім

Худжандтық Хосият Орипова (Тәжікстан) QS университеттерінің ең беделді рейтингісі бойынша, әлемдегі топ-3 үздік университеттер қатарына енетін Стэнфордта оқуға $ 350,000 білім грантын жеңіп алды. Толығырақ.

7 маусымнан бастап Тәжікстандағы барлық орта мектептің бірінші класс оқушылары жазғы каникулға шығады, деп «Азия-Плюсқа» Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Дереккөз бойынша, 2-11-класс оқушылары 14 маусымға дейін оқиды, содан кейін өтпелі (кластан класқа) және қорытынды емтихандар тапсырады. Толығырақ.

Өзбекстандағы мектеп оқушыларының сабаққа қатысуы Face ID бет тану жүйесі арқылы бақылана бастайды. Кластарда дыбыс жазатын камералар орнатылады, олар полиция бөлімі мен учаскелік полиция қызметкерлерімен біріктіріледі. Оқушылардың білім беру мекемесі аумағында өткізген уақыты Face ID бет тану жүйесі арқылы бақыланады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің басшысы Шерзод Шерматов Халық білімі және ішкі істер министрліктерінің бірлескен отырысында мәлімдеді. Толығырақ.

Өзбекстандағы 200 мектепте Кембридж университеті баспасынан шыққан ағылшын тілі оқулықтарын сынақтан өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы 6 мамырда Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен шет тілдерін оқыту жүйесін жетілдіру шаралары туралы бейнеконференцияда айтылды. Дәл осындай жұмыс орыс, неміс, корей, қытай және француз тілдері оқулықтары үшін де жасалады. Толығырақ.

Өзбекстанда шет тілі мұғалімдеріне үстемеақы төлеу енгізіліп, оларға кітап сатып алуға 1 миллион сум бөлінеді. Дегенмен мұғалімдерге қойылатын талаптар күшейе түседі. Толығырақ.

Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі мұғалімдердің жалақысын есептеуді толығымен автоматтандырды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Оның мәліметінше, интернат типіндегі білім беру ұйымдарына да «Мұғалімдер жалақысын автоматты түрде есептеу» жүйесі енгізілген. Толығырақ.

Қырғыз тіліндегі балалар әдебиеті саласындағы Қырғызстан Үкіметі сыйлығы иегерлері анықталды. Бұл туралы министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Түркіменстанда мыңға жуық тұтқынға рақымшылық жасалды, олардың арасында саяси немесе ар-ождан тұтқындарының бар-жоғы белгісіз. Бұл жолы босатылғандар тізімінде әскери қызметтен саналы түрде бас тартқаны үшін түрмеге жабылған сотталушылар бар. Толығырақ.

Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы «Жарнама туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа заң зиян өнімнің жарнамасына және тұтынушының келісімінсіз телефондарда кез келген жарнаманы көрсетуге тыйым салады, деп хабарлайды Podrobno.uz.

Қолданыстағы «Жарнама туралы» заң 1998 жылы қабылданған, ол қазіргі шындықты көрсетпейтін жалпы норманы қамтиды. Қолданыстағы проблемаларды жою және саланы жаңа деңгейге шығару үшін жаңа заң жобасы әзірленді. Толығырақ.

 

Әлеумет

Түркіменстанда азық-түлік дағдарысы шиеленісуіне байланысты адамдар қажет тауарларды алу үшін түннен бастап кезекке тұрады. Нан, ұн, өсімдік майы, қант, жұмыртқа сияқты негізгі тағамдардың өзі жетіспейді. Бағаның өсуі мен азық-түлік жетіспеуі себебінен кезектерде дау-дамай мен ұрыс-керіс, төбелес шығып жатыр. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.