Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 04-11.10.2021 ж.

12.10.2021 • 06:02

Қымбатты дос!

Өткен аптада біздің елде және Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік.

 

Білім

Бизнес мектебі Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесе отырып, Тәжікстанда жастардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын дамытуға көмектесуге арналған «Жастардың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері, хабардарлығы мен әлеуетін арттыру бастамалары арқылы әлеуметтік бірлестікті ілгерілету» жобасын бастады. Толығырақ.

Он бір жасар қырғызстандық Еламан Әбділәшімов «Горячее сердце» бастамасы аясында 2019 жылы бір жарым жасар қызды құтқарғаны үшін марапатталды. Бұл туралы Бішкектегі орыс үйінде айтылды. Бұған дейін ересек адам түсе алмайтын қоғамдық дәретхана шұңқырына кішкентай қыз құлап кеткені, ал оны құтқару үшін Еламаннан басқа балалардың ешқайсы төмен түсуге батылы бармағаны хабарланған еді. Қорыққанына қарамастан, тоғыз жасар бала адам өмірін құтқаруға бірден келіскен. Толығырақ.

Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік квоталар шеңберінде шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарына түсудің ақпараттық жүйесін жаңартпақшы. Бұл туралы мемлекеттік сатып алу порталы хабарлады. Порталдың хабарлауынша, департамент бұл үшін 1 миллион 200 мың сом жұмсауды жоспарлап отыр. Ақпараттық жүйенің мақсаты – өтінім берушілерден құжаттарды қабылдау процесін цифрлық форматқа көшіру. Толығырақ.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өз ұстазыңды құттықта!» акциясының қорытындысын шығарды. Жеңімпаздар Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясы 1 «Г» класс оқушылары мен Қызылорда тұрғыны Қарлығаш Әбдірахманова болды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Түркіменстанда президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың тәуелсіздіктің 30 жылдығында жарық көрген «Тәуелсіздік - біздің бақытымыз» кітабын халық арасында насихаттау мен тарату бойынша тағы бір акция басталды. Түркіменстанның барлық мемлекеттік мекемесі мен кәсіпорындарының қызметкері, студенттер оны алуға міндетті болды. Азатлык радиосы тілшілерінің айтуынша, Лебап уелаятында мәдениет қайраткерлеріне басшының жаңа туындысын мадақтайтын музыкалық туындылар жасау тапсырылған. Лебап уелаяты университетінде студенттерге президенттің жаңа кітабын жатқа айту ұсынылып жатыр. Студенттерді ынталандыру ретінде 100 манат ақшалай сыйақы (Түркіменстан Орталық банкінің бағамы бойынша, 28 жарым доллар) уәде етілді. Толығырақ.

 

Әлеумет

Қазақстандықтар билеттерді автовокзалдарда электрон жеке куәлік арқылы сатып ала алады, деп хабарлады ҚР ІІМ. Ведомство автокөлік тасымалдарында жеке куәлікті цифрлық форматта пайдалануды заңдастырды. Толығырақ.

7 қазанда 2021 жылғы 10 қарашаға дейін созылатын Diversity Visa 2023 (Green Card лотереясы) бағдарламасына қатысуға онлайн тіркеу ашылды. Сізге көмектесетін нұсқаулар міне.

Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігі (USAID) Trade Central Asia жаңа бес жылдық жобасын жариялады. USAID сайтының хабарлауынша, жоба құны 19 миллион доллар тұрады, ол Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Түркіменстан мен Өзбекстанда жүзеге асырылады. Жаңа жоба USAID-тің ондаған жыл бойы аймақтық сауданы, кәсіпорынды дамытудағы және аймақтық байланысты дамытудағы жетістіктеріне негізделген. Толығырақ.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап өзбекстандықтар Soliq мобайл қосымшасы арқылы сатып алған тауардың 1 процентін қайтара алады. Бұл президент бүгін қол қойған «Бөлшек сауда және бақылау қызметтері саласындағы бақылау-касса техникаларын қолдануды жақсартудың қосымша шаралары туралы» жарлығында көзделген. Толығырақ.

Қазақстан астанасында 14 қазаннан бастап жастарға арналған Elorda Jastary тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді. «Елордада жастарға арналған Elorda Jastary арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қосамыз. Бұл жеңілдікпен берілетін әлеуметтік несиелендіру бағдарламасы астаналық жас мамандарға арналған. Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт саласынан, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары қызметкерлері, полиция департаменттері, Төтенше жағдайлар министрлігі, коммуналдық қызмет қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласында жетім балалар санатындағы тұрғын үй кезегінде тұрғандарға арналған», - деп жазды әкім Instagram-парақшасында. Толығырақ.

COVID-19 пандемиясы балалар мен жасөспірімдердің психикалық саулығына аса кері әсер етуі мүмкін және бұл әсер көптеген жылға, тіпті он шақты жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің әлемдегі балалардың жағдайы туралы жылдық есебінде айтылған, деп хабарлайды «БҰҰ жаңалықтары». Кейінгі мәліметтер бойынша, 10-19 жас аралығындағы әлемдегі жеті жасөспірімнің кем дегенде біреуі психикалық ауытқушылықпен ауырады. Жыл сайын 46 мыңға жуық жасөспірім өз-өзіне қол жұмсайды; суицид - бұл жас тобындағы өлімнің негізгі бес себебінің бірі. Осыған қарамастан, есеп авторлары бүкіл әлемде психикалық денсаулықты сақтауға жұмсалатын шығын денсаулық сақтаудың республикалық бюджетінің 2 процентінен аспайтынын көрсетеді. Толығырақ.

Қазақстан Мәжілісі (парламенттің төменгі палатасы) көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде орыс тіліне аудару қажет болмайтын түзетулерді мақұлдады.

Мәжіліс көрнекі ақпарат бойынша түзетулерді екінші оқылымда мақұлдап, заң жобасын Сенатқа ұсынды. Депутат Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, түзетулер хабарландыруларды, жарнамаларды, прейскуранттарды, баға белгілерін, мәзірлерді, көрсеткіштерді және басқа да визуал ақпаратты мемлекеттік тілде, басқасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылмаса, қажет болған жағдайда ғана орыс және (немесе) басқа тілдерде ілуді көздейді. Толығырақ.

 

Технология

Қырғызстанның цифрлық даму министрлігі компьютерлік қақтығысқа әрекет ететін топ құрды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. «Арнайы бөлім компьютерлік жүйелерді сынақтан өткізумен, киберқауіптерді анықтауға, оларға жауап беруге және мемлекеттік органдардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысады. Сондай-ақ, команда қызметіне аналитикалық жұмысты және бағдарламалық қамтамасыз етудің қателері мен әлсіз тұсын тексеру де кіреді», - делінген хабарламада. Толығырақ.

 

Экология

Тәжікстанның Қоршаған ортаны қорғау комитетінің қызметкерлері NABU неміс экологиялық ұйымының көмегімен Соғды облысы Ашт ауданындағы дегелектің қираған ұяларын қалпына келтірді. Тәжікстанның табиғатты қорғау одағы басшысы Нұрәлі Рахимов бұған дейін Тәжікстанның барлық аумағында табылған бұл құстардың кейінгі онжылдықта жойылу алдында тұрғанын айтып өтті. Олар Қызыл кітапқа енгізілген. Толығырақ.

Қазақстанның Ақтау қаласы маңында орналасқан Қаракөл көліне жүздеген қызғылт фламинго ұшып барды. Құстар оңтүстікке қарай Түркіменстан мен Иранға қыстауға кетер алдында осында тоқтайды. Бұл жыл сайын қайталанып отырса да, мұндай кадрлар ылғи да таңғалдырады. Толығырақ.

Озон тесігі тартылып жатыр және БҰҰ бұл озонды бұзатын заттарды қолданудың азаюының тікелей нәтижесі деп есептейді. Оларды өндіруге және қолдануға 1987 жылы қабылданып, әлемнің барлық мемлекеті ратификациялаған Монреаль хаттамасында тыйым салынған. Бүгінде бұл химиялық заттардың 98 проценті тоқтатылды. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.