Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Думан Смақовтан дайджест: 05 - 12.07.2021 ж.

14.07.2021 • 05:09

Қымбатты дос!

Жақсы көңіл-күй тілеймін!

Өткен аптада біздің ел мен Орталық Азиядағы көрші елдерде не болғанын білейік.

 

Білім

2021/2022 оқу жылынан бастап 200 өзбек студенті Президент грантына ие болады. «Республиканың жоғары оқу орындарына түскен талантты жастарды одан әрі қолдау шаралары туралы» мемлекет басшысының Жарлығына 6 шілдеде қол қойылды, деп хабарлады Әділет министрлігі. Толығырақ.

Қазақстан студенттері мен оқытушылары вакцинациялауды қолдау мақсатында видео-акциялар бастады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Толығырақ.

Қырғызстанда «Мектеп лигасы» бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігі директоры Қанат Шабданбаев мәлімдеді. Толығырақ.

Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі мүгедектігі бар абитуриенттер үшін шекті балды төмендетті. Бұл туралы «Жарықтық» ҚФ басшысы Гүлзар Дүйшенова Facebook-парақшасында жазды. Толығырақ.

 

Адам құқықтары

Түркіменстанда билік әйелдердің сыртқы келбетін бақылауды тағы да қолға алды. Полиция джинс, тар футболка киген, көп макияж жаққан және шашы сары әйелдер мен қыздарды ұстап жатыр. Азатлык тілшілері хабарлауынша, кейінгі күндері бұл әсіресе елдің шығысындағы аудан орталықтарында болып жатыр. Толығырақ.

Түркіменстанда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлеріне жаңа шектеулер енгізілді. Ауызша бұйрық бойынша, бюджет саласында қызмет ететіндерге шетел төлқұжаты берілмейді. Ал ендігі қолында барларға оны тапсыру бұйрық етілді. Бұл туралы Азатлык радиосының төрт бірдей корреспонденті хабарлады. Толығырақ.

«Ислам мен феминизм үйлеспейтін нәрсе саналады». Көпшілік ислам діні әйелдерге қысым көрсетеді деп есептейді. Адамдар бірден қыздарды күштеп күйеуге беру, оларға оқуға және жұмыс істеуге рұқсат етпеу, төрт қабырғаға қамап қойып, күні бойы күйеуінің отбасына қызмет етуге мәжбүр етеді деп ойлайды. Батыс феминистері қысымға ұшыраған мұсылман әйелдерін құтқару керек деп есептейді. Олар құтқару деп Ислам догмаларынан арылуды айтып отыр. Өзбекстанда «феминистер» ұғымы жиі бұрмаланады: «Феминизм мен матриархатты шатастырмау керек. Феминизм - бұл әйел құқықтарын кемсітуге қарсы қозғалыс». Толығырақ.

 

Әлеумет

Түркіменстанда күн қалыптан тыс ыстық болып жатыр. Аптап ыстықта Түркіменбашы қаласының кейбір шағын ауданы 4 күннен бері сусыз отыр. Су өткен бейсенбіде тоқтап, жергілікті тұрғындар үшін едәуір қиындық туғызды. Мары уелаятының мемлекеттік мекемелерінде кездесу өтіп, жұмысшыларға ыстық ауа-райында сақтық шараларын сақтау ескертілген. Бұл кездесу Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің «алдағы ыстық күндерде күн сәулесінің әсерінен қорғану шараларын қабылдаудың маңызы» туралы сөйлеген сөзінен кейін өткізілді. Толығырақ.

24-28 маусым аралығында Лондонда IX “Open Eurasian Literary Festival & Book Forum (OEBF)" халықаралық әдеби фейстивалі өтті. Жыл сайын фестиваль аясында Open Eurasia әдеби байқауы жеңімпаздары марапатталады, 2021 жылғы сыйлық қоры 40 000 АҚШ долларына тең болды. Байқауға 48 елдің қатысушылары 1000-нан астам өтінім жіберді, оның 18-і Тәжікстаннан жіберілді. Толығырақ.

9 шілдеде Өзбекстанның Қаржы министрлігінде бюджет деректерінің ашықтығын арттыру және жаңартылған www.openbudget.uz ақпарат порталының (Ашық бюджет) таныстырылымына арналған семинар өтті. Жоба БҰҰДБ көмегімен жасалды және осы ұйым ішінара қаржыландырды.

Кейінгі жылдары жүргізілген реформалар бюджет деректерінің ашықтығы мен айқындығын арттыру, бюджет қаражатын қалыптастыру мен жұмсауға парламент және қоғам бақылауын күшейту мәселелеріне көбірек назар аударуды талап етеді. Толығырақ.

 

Экология

Түркіменстанда қалыптан тыс ыстық ауа райы жалғасып жатыр. Ауа температурасы 50 градусқа дейін көтерілген. Лебап уелаятының Фарап этрапында күн ыстықта аялдамада автобусты бірнеше сағат күткен ер адам қайтыс болды. Дәрігерлер аптап ыстықтаондаған адам көз жұмып, балалардың ауруханаға түсуі көбейгенін айтады. Табиғи апат кезінде тұрғындар электр қуатының үзілуіне және судың дұрыс берілмей, жағдайдың нашарлауына шағымданады. Бұл туралы Азатлык радиосының Мары мен Лебаптағы тілшілері хабарлады. Толығырақ.

Орталық Азия – су ресурстары қатты ысырап етілетін ең проблемалы аймақ. Қытай зерттеушілері осындай тұжырым жасады. Олардың айтуынша, аймақ елдеріндегі су мен жер ресурстары ұтымды пайдаланылса, судың 56 процентін үнемдеуге және 387 миллион адамды тамақтандыруға болады. Толығырақ.

 

Бізбен бірге екеніңе рақмет!

Әзірше!

 

P.S. Команданы қолда! Лайк басып, Qlever-де ойна!

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.